Home » Жаңалықтар (page 46)

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КІТАПХАНАЛАРДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ МЕН ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚУҒА ҚҰШТАР СТУДЕНТТЕРДІҢ САНЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Қазақстандық жоғары оқу орындары кітапханалардың жұмысын автоматтандырып, қайта жарақтандырып жатыр. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге белгілі бір кітапты іздеу барысында ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі. Енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйелер оқырмандар санын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде Қарағанды техникалық университетінде ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысқан болатын.

Президент білім беру саласындағы аса маңызды және өзекті мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берді. Олардың қатарында — құрылыс үшін жер учаскелерін алдын ала бөлу, мектептердің үлгілік жобаларын дайындау, мектептерді жобалық қуаттылығына байланысты барлық талапқа сәйкес қамтамасыз ету, оқушылардың қауіпсіздігі және сыныптардың толықтырылуы. Мен бұл мәселелерге келесі жазбамда толығырақ тоқталып өтемін. Қазір Мемлекет басшысының жоғары білім беруді қаржыландыру жүйесін өзгерту жөніндегі бастамасының ...

Толығырақ »

Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 60 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде, оның ішінде орта мектептерде 40 мыңнан аса оқушы білім алуда. Биыл “Білім туралы” Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтқан болатынбыз. Осы орайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша арнайы жағдайларды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтері құрылды. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ МЕН АГРОНОМҒА АРНАЛҒАН ПЛАНШЕТ ӘЗІРЛЕДІ

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары су тасқынын болжау жүйесін және агрономға арналған планшет әзірледі. Электрондық ресурс су тасқынын мониторингілеп, болжауға мүмкіндік береді. Жүйе инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректерін қамтиды. «Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын ...

Толығырақ »

ЕЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

17 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Елорданың білім белестері — тәуелсіз Қазақстан келешегі» атты форумға «Өрлеу» — Нұр-Сұлтан филиалының директоры Гүлшат Онланбекқызы арнайы шақырылды. Ауқымды шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, әкімдік өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты. Форум аясында білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары, сала бойынша 30 жылда жеткен жетістіктер, білім беру саласы көшбасшыларының ел ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 20 ЖОО ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ 48 ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРІНЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛДІ

Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиада жеңімпаздарына арнайы білім гранттарын бөлді. Олимпиаданың республикалық кезеңі жаратылыстану — математикалық бағыттағы пәндер бойынша 15-18 қараша аралығында өтті. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 48 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдарымен — 11 оқушы, II дәрежелі дипломдармен — 15 оқушы және III дәрежелі дипломдармен 22 оқушы марапатталды.  «Білім және ғылым министрлігі ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Болашақ педагог Қазақстан колледждерінің үздік студенті атанды. Регина Боярова Павлодар педагогикалық жоғары колледжінде шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жатыр. «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпазы бала кезінен педагог болуды армандаған. «Мен педагогтер әулетінде өстім және әрқашан мұғалім болуды армандайтынмын. Әкем – технология және сызу пәнінің мұғалімі, анам – география пәнінің мұғалімі, әжем бастауыш сынып мұғалімі болған. Анам мен ...

Толығырақ »

Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру қалай жүзеге асырылады?

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» екендігін айтқан болатын. «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беруге назар аудару ...

Толығырақ »

«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» БАЙҚАУЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 50 ҮЗДІК ҒАЛЫМЫ 6 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АЛАДЫ

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша берілетін болады. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдерді қабылдау 15 қараша басталды. Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады. «Қазіргі таңда отандық ғылым саласында дамудың жаңа сапалы кезеңі байқалады. Ғалымдарымыздың әзірлемелері ...

Толығырақ »

МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 18 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 18 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына құжаттар қабылдау басталғаны туралы жарияланған болатын. Қазақстандықтардың өтініштерін ескере отырып, енді кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі тағы үш күнге ұзартылды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ...

Толығырақ »