Home » Жаңалықтар » Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 60 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде, оның ішінде орта мектептерде 40 мыңнан аса оқушы білім алуда.

Биыл “Білім туралы” Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтқан болатынбыз. Осы орайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша арнайы жағдайларды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтері құрылды.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептер базасында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар құрылды.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы базасында Психологиялық — педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын үйлестіру үшін «Дара» ЖҚ бірлесіп, Самұрық-Қазына Трастының қолдауымен Ресурстық орталық ашылды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек- қазан айларында білім мекемелерінің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша, сүйемелдеу қызметі мамандарының құжаттамасын жүргізу бойынша семинарлар өткізілді.

2020 жылдан бастап арнайы білімді қажет ететін балаларды сүйемелдеу бойынша педагог- ассистент шттатық бірліктерін ашқанымызды хабарлаған болатынбыз. Қазір 1 мыңнан аса педагог- ассистенттер жұмыстарын бастады. Осы мамандар үшін қазан айынан бастап біліктілікті арттыру курстары іске қосылды. Бүгінге 150 маман оқып шықты.

Педагог- ассистенттерге арналған арнайы тәжірибелік семинарлар циклін бастадық. Олар барлық педагог- ассистенттерге қолжетімді. Туындаған сұрақтарға Ұлттық ғылыми- практикалық орталықтың беделді мамандары жауап береді.

Апта сайын мектептер үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу бойынша кеңес беру күндері өткізіледі.

Заңға енген жаңа нормаларды іс жүзінде іске асыру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз.

БҒМ Бірінші вице министірі Шолпан Каринованың фб парақшасынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.