Home » Жаңалықтар (page 38)

Жаңалықтар

Қазақ халқы қашанда  тілге бай, шешен екенін білеміз.

Қазақ халқы қашанда  тілге бай, шешен екенін білеміз. Атадан қалған асыл сөзді дәріптеу, қазақ би-шешендерінің кесіп айтар келелі сөздерін  бүгінгі ұрпаққа насихаттау басты парызымыз. Осы орайда республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы Алматы қаласында 24-25 қарашада өтті. Аталмыш байқауға республикалық Абай желілік мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын Абай атындағы РММИ ұйымдастырды. Тіл шеберлерінің додасына үш ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ 50 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты. Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған. Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, ...

Толығырақ »

«Әдістемелік десант» №96 «Аяла» балабақшасында болды

2021 жылғы 20 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №96 «Аяла» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды. Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КІТАПХАНАЛАРДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ МЕН ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚУҒА ҚҰШТАР СТУДЕНТТЕРДІҢ САНЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Қазақстандық жоғары оқу орындары кітапханалардың жұмысын автоматтандырып, қайта жарақтандырып жатыр. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге белгілі бір кітапты іздеу барысында ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі. Енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйелер оқырмандар санын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде Қарағанды техникалық университетінде ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысқан болатын.

Президент білім беру саласындағы аса маңызды және өзекті мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берді. Олардың қатарында — құрылыс үшін жер учаскелерін алдын ала бөлу, мектептердің үлгілік жобаларын дайындау, мектептерді жобалық қуаттылығына байланысты барлық талапқа сәйкес қамтамасыз ету, оқушылардың қауіпсіздігі және сыныптардың толықтырылуы. Мен бұл мәселелерге келесі жазбамда толығырақ тоқталып өтемін. Қазір Мемлекет басшысының жоғары білім беруді қаржыландыру жүйесін өзгерту жөніндегі бастамасының ...

Толығырақ »

Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 60 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде, оның ішінде орта мектептерде 40 мыңнан аса оқушы білім алуда. Биыл “Білім туралы” Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтқан болатынбыз. Осы орайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша арнайы жағдайларды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтері құрылды. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ МЕН АГРОНОМҒА АРНАЛҒАН ПЛАНШЕТ ӘЗІРЛЕДІ

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары су тасқынын болжау жүйесін және агрономға арналған планшет әзірледі. Электрондық ресурс су тасқынын мониторингілеп, болжауға мүмкіндік береді. Жүйе инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректерін қамтиды. «Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын ...

Толығырақ »

ЕЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

17 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Елорданың білім белестері — тәуелсіз Қазақстан келешегі» атты форумға «Өрлеу» — Нұр-Сұлтан филиалының директоры Гүлшат Онланбекқызы арнайы шақырылды. Ауқымды шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, әкімдік өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты. Форум аясында білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары, сала бойынша 30 жылда жеткен жетістіктер, білім беру саласы көшбасшыларының ел ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 20 ЖОО ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ 48 ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРІНЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛДІ

Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиада жеңімпаздарына арнайы білім гранттарын бөлді. Олимпиаданың республикалық кезеңі жаратылыстану — математикалық бағыттағы пәндер бойынша 15-18 қараша аралығында өтті. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 48 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдарымен — 11 оқушы, II дәрежелі дипломдармен — 15 оқушы және III дәрежелі дипломдармен 22 оқушы марапатталды.  «Білім және ғылым министрлігі ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Болашақ педагог Қазақстан колледждерінің үздік студенті атанды. Регина Боярова Павлодар педагогикалық жоғары колледжінде шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жатыр. «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпазы бала кезінен педагог болуды армандаған. «Мен педагогтер әулетінде өстім және әрқашан мұғалім болуды армандайтынмын. Әкем – технология және сызу пәнінің мұғалімі, анам – география пәнінің мұғалімі, әжем бастауыш сынып мұғалімі болған. Анам мен ...

Толығырақ »