Home » Жаңалықтар » ҚазҰУ студенттік белсенділері жақсылық жасап жарысуда

ҚазҰУ студенттік белсенділері жақсылық жасап жарысуда

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері қашанда білім мен білікті, қызықты студенттік өмір мен белсенділікті қатар алып жүруді мақсат еткен. Аталған дағдылар мен қасиеттерді шыңдайтын, дамытатын және өзгелерге тамашалауға, үлгі етуге бағытталған университет қабырғасында түрлі жобалар мен мүмкіндіктер аз емес. Сондай жобалардың бірі және бірегейі әр жыл студенттер асыға күтетін «Студенттік көктем» фестивалі.

«Адал Азамат» Farabi University студенттерінің арасында өтетін «Студенттік көктем» фестивалі аясында «ІЗГІ ІСТЕР» атты әлеуметтік эксперимент байқауына факультеттер арасында видеороликтер даярланды. Философия және саяаттану факультетінің студенттік белсенділері қазіргі трендтерді қолданып, айналамыздағы адамдарға жылулық сыйлау мақсатында әлеуметтік эксперимент ойластырды. Эксперимент барысында студенттер Алматы қаласының орталық алаңдарына шығып, адамдарға «Тегін құшақ» атты қазіргі әлеуметтік желілердегі трендті жүргізіп көрді. Эксперимент мақсаты- адамдарға жылулық пен жақсы көңіл күй сыйлау, бір-бірімізге деген мейрімділікті дәріптеу.

Эксперимент кезінде орта буын өкілдері жылы сөздерімен құшақ ашып, жағымды эмоцияларымен бөлісті, өздерінің қиын жұмыс күндеріне шабыт алғандарын айтты. Жастар да осыған ұқсас эксперименттерді әлеуметтік желілерден көретіндерін, сол эксперименттерді өз қаласында жүзеге асып жатқанына қуанышты  болғандарымен бөлісті. Студенттер үшін де бұл өте қызықты тәжірибие болды және мүлде таныс емес адамдардың жүзіне күлкі ұялатып, көңіліне жылу сыйлау ұмытылмас ыстық әсер бергенін айтты.

 Г.М.Кабиева
«Педагогика және білім беру
менеджменті» кафедрасының
оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.