М. Әуезовтың «Халық пен халықты ел мен елді теңестірген — білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар – біздің болашағымыздың жарқын бейнесі. Себебі қай мемлекет болмасын оның дамуы білімді, білікті азаматтарға иек артады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты өздігінен іздеу мен талдау дағдыларына ие ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ерімбетжаға ауылында жаңа мектеп ашылды
Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекенінде №18 негізгі мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жанында 20 орындық балабақшасы бар жаңа нысанның ашылуы осы сәтті көптен күткен шағын ауыл тұрғындарын шаттыққа бөледі. Осыған орай өткен салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев пен облыстық білім басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бағдат Бердәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, мектепке облыс ...
Толығырақ »Тағылымы мол кездесу
Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі «Almaty Zhastary» атты жаңа орталықтың ұйымдастыруымен тағылымы мол кездесу өтті. Кездесуге дүйім елдің алғысына бөленіп жүрген, халықтың бір сүйер азаматы, қоғам жанашыры, белгілі журналист Бейсен Құранбек аға келді. Мемлекеттік дәрежедегі атақ даңқ иегері болса да, өте қарапайым жан иесі бола білген ағаның Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен ...
Толығырақ »Озат педагогикалық ізденістер фестивалі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында табысты және шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, шығармашылық ойлар мен ғылыми-әдістемелік құралдарды, іс-тәжірибе жетістіктері мен нәтижелерін көрсету, озат педагогикалық ізденістер мен тәжірибені насихаттау мақсатында 2017 жылы 3 қараша күні «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс» тақырыбында облыстық педагогикалық фестиваль ...
Толығырақ »«Blended learning» режиміндегі біліктілікті арттыру курсы аяқталды
Бүгін 2017 жыл қараша айының 3-і жұлдызы «Білім берудің жаңа парадигмасы контекстіндегі орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбымен өткен мектеп басшыларына арналған аралас оқу «Blended learning» режиміндегі біліктілікті арттыру курстарын қорытындылау іс-шарасы Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясында мектеп директорларын сертификатпен марапаттаумен өтті. Бұл – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырылған жоба. Онда ...
Толығырақ »«Зерде-2017» облыстық байқауының жеңімпаздары Республикалық кезеңге жолдама алды
Бүгін, 3 қазан, Көкшетау қаласында 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде-2017» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Бірінші орынды иеленген 19 оқушы облысымыздың намысын келесі жылы «Зерде» байқауының Республикалық кезеңінде қорғайтын болады. Шара Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес дарынды балаларға арналған ...
Толығырақ »Аралда жас мұғалімдердің слеті өтті
Арал қаласындағы № 262 мектеп-гимназияда «Заманауи педагог-жаңашыл тұлғаны қалыптастырушы сәулеткер» атты тақырыпта жас мұғалімдердің аудандық слеті өтті. Білім саласындағы үздік жастардың басын қосып, педагогикалық қызметте кездесетін мәселелерді оңтайлы шешу бағытында кеңестер беруді көздеген слетке облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институтының оқытушысы С. Құсейінов, облыстық оқу орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Г. Смағұлова және «Педагогикалық шеберлік орталығының» Қызылорда қаласы бойынша филиалының ...
Толығырақ »Дүбірлі термешілер сайысы Сәтбаевта
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында жыршы-термешілердің Республикалық байқауы өтіп жатыр. Ақын, термеші, республиканың құрметті азаматы болған Шымболат Ділдебаевтың 80 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған жарысқа Қазақстанның түпкір-түкпірінен сайдың тасындай сайып қыран 17 термеші жиналған. Дүбірлі жарысқа Жүрсін Ерман, Қонысбай Әбіл бастаған қазылар арнайы ат терлетіп келген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмысы комитетінің мұрындық болуымен осындай шабытты ...
Толығырақ »Ағылшын тілін оқытудағы жаңа мүмкіндіктер
Көкшетау қаласында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін оқытуда оқытудың заманауи әдістерін және жаңа оқыту ресурстарын қолдану» тақырыбында тренингтік курс өтті. Тренингті баспаның халықаралық әдіскері Пол Вудфолл өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Аталған іс-шараның мақсаты – 2017-2018 оқу жылы оқу процесіне енгізілген English Plus KZ edition Oxford University Press баспасының 5 және 7 сыныптарға арналған жаңартылған ...
Толығырақ »Рухани жаңғыруға жол ашады
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілді. Осыған орай, Қызылорда қалалық білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, №198, №1 мектеп-гимназия, № 23, 10 мектеп-лицейлер және «Алтын ұя» балабақшасы ұжымдары, ұстаздар қауымы ортақ іске үлес қосатындықтарын жеткізді. Бүгін №278 орта мектепте өткен осындай жиын «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың басты ...
Толығырақ »