Home » Білім және өнер » Дүбірлі термешілер сайысы Сәтбаевта

Дүбірлі термешілер сайысы Сәтбаевта

      

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында жыршы-термешілердің Республикалық байқауы өтіп жатыр. Ақын, термеші, республиканың құрметті азаматы болған Шымболат Ділдебаевтың 80 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған жарысқа Қазақстанның түпкір-түкпірінен сайдың тасындай сайып қыран 17 термеші жиналған. Дүбірлі жарысқа Жүрсін Ерман, Қонысбай Әбіл бастаған қазылар арнайы ат терлетіп келген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмысы комитетінің мұрындық болуымен осындай шабытты шараға куә болдық.

Сайыс жүлдесіне Қарағанды облысы әкімі сый қосқан екен, толық ақпарат сюжетімізде, ол жайында міндетті түрде айтамыз.

 

Қуантай Амантайұлы

Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.