Home » Жаңалықтар » Озат педагогикалық ізденістер фестивалі

Озат педагогикалық ізденістер фестивалі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында табысты және шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, шығармашылық ойлар мен ғылыми-әдістемелік құралдарды, іс-тәжірибе жетістіктері мен нәтижелерін көрсету, озат педагогикалық ізденістер мен тәжірибені насихаттау мақсатында 2017 жылы 3 қараша күні «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс» тақырыбында облыстық педагогикалық фестиваль өткізді.

Облыстық фестиваль жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері, аудандық, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушылары, жалпы облыс бойынша 200 адам қатысты.

Фестиваль жұмысы бірнеше бағыттарда жүргізілді. Атап айтсақ, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп менеджменті» (білім беру ұйымының басшылары); «Шебер сабақ — шебер мұғалім» (бастауыш және пән мұғалімдері); 3)«Шығармашылық толқын» (мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары); 4) «Сыныптан тыс уақытта…» (сынып жетекшілер, тәрбиешілер, қосымша білім берудің педагогикалық қызметкерлері); 5) «Жаңалық жаршысы» (кітапхана қызметкерлері).

Фестиваль жұмысына білім беру және тәрбие үдерісінің модельдері, білім берудегі менеджмент тұсаукесері, сабақтардың, сабақтан тыс шаралардың, инновациялық идеялардың және т.б үзінділерін ерікті нысанда (шебер-сынып, медиа-сабақ, менторинг, коучинг, ғылыми-әдістемелік жасалымдарды жариялау, портфолио, библиомарафон, кейс, библиографиялық ойындар т.б) формасында ұсынылды.

Фестивал аясында «Біліктілікті арттырудан — кәсіби шеберлікке» тақырыбында институт қызметкерлерінің ғылыми-әдістемелік еңбектерінен

кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Шара соңында шығармашылық ізденіспен ерекше көзге түскен педагогтарға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен институттың Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары, барлық тікелей қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.