Home » Жаңалықтар (page 245)

Жаңалықтар

Өскелең ұрпаққа өнеге болған Наурыз той

Ұлыстың ұлы күні, жыл басы Наурызды тойлауды Елорданың мектеп оқушылары ерекше атап өтуде. Астана қаласы №66 мектеп-лицейінің 1 «А» сынып оқушылары ата-аналарының бастамасымен және қолдауымен, сынып жетекшісі Айгүл Таутанқызының жетекшілігімен ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттайтын ерекше мереке ұйымдастырды. Ұлттық тағамға толы дастарханы мен оюлы көрпесі жайылған қос ауыл қазақ үйлерін тігіп, оның ішін сән мен дәмге толтырып, өзара сайысқа түсті. ...

Толығырақ »

«I шуақ» педагогикалық жасағының жеңісі

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің ұйымдастырумен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Педагогикалық жасақтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың әрі қарай кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасау мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде және Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылғы 31 наурыз – 4 сәуір аралығында Республикалық жиын өткізілді. Бұл Республикалық жиынға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледж ...

Толығырақ »

ПАВЛОДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ Жақында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде аймақтың педагогтеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны: теория, тәжірибе, перспективалар» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектептері және жоғары оқу орындарынан 250 мұғалім, сонымен қатар білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскерлері қатысты. Аталмыш конференция — жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пікір алмасу ...

Толығырақ »

Азаматтық қорғаныс күні өтті

Үстіміздегі жылдың сәуірдің 6-жұлдызында №15 мектеп-лицейінде «Азаматтық қорғаныс» күні өтті. Бауыржан Қапарұлы басшылық ететін білім ошағында өткен бұл іс-шараның мақсаты — оқушыларды төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайда  көмек көрсетуге, қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру болатын. Азаматтық қорғаныс күні құрылған жоспар бойынша өткізілді. Аталмыш шараға орай арнайы конкурстар ұйымдастырылды. Оның нәтижесі төмендегідей болды: 1) 1-4 сынып оқушылары ...

Толығырақ »

Озық сыныптың оқушысымын

  Мен Павлодар қаласындағы жалпы білім беретін №19 орта мектептің 2 «б» — сынып оқушысымын. Менің сыныбымда отыз оқушы бар. Олардың бәрі тәртіпті, мұғалімдердің айтқандарын бұлжытпай орындайды. Менің сыныбым мектептегі ең үлгілі сыныптардың бірі. Сыныбымыздан биші де, әнші де, ақын да, оқу озатын да таба аласыз. Мерекелік жұмыстарға да белсендіміз. Маған барлық пән ұнайды. Менің сабақ үлгерімім өте жақсы. Пәндердің ...

Толығырақ »

Ұстаз ұлағатты ұғым

«Ұстаз» деген сөз әр балаға қасиетті, қадірлі. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Мұхтар Әуезов айтқандай «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау», балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасаған мұғалімнің еңбегі ешқайда кетпейді деп ойлаймын. Мен «Сауран» атты балалар мен жасөспірімдер клубындағы ағылшын тілі үйірмесіне қатысамын. Үйірме жетекшісі – Карашашева Айгуль Канатовна. Үйірмеге қыркүйек айынан бастап барамын. ...

Толығырақ »

Жаңа білім беру жүйесі

Біз жаңа қоғам талабына сай білім беру жүйесін жүсеге асырудамыз. Ол 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу. Мен Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «б» сынып оқушысымын. Білім жайында ойымды айтпақпын. Мені 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшу толғандырады. Сабақта апай жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бізге өз бетімізше білім алуға үйретеді. Түрлі тапсырмаларды орындау барысында сабаққа деген қызығушылығымыз, ...

Толығырақ »

Қазақстанда Өзбекстан жылы өтуде

Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар. Бұл, ең алдымен, аймақты мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік бірлігі. Сондықтан Орталық Азия, соның ішінде Өзбекстан сияқты мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттері болып қалады. Өзбекстан мемлекетімен өзара татулық, тұрақты қарым-қатынас – ...

Толығырақ »

12 жылдық оқу бағдарламасының тиімділігі

Әр бала сияқты мен де балабақшалық кезімнен мектепке баруды арман еттім. Бірақ та мектепте не болатынын білмедім, мектеп табалдырығын аттағанда ата – анамның енді 11 жылдың орнына 12 жыл және де жаңа бағдарлама бойынша оқитынымды естідім. Сол кезде ата –анамның түсініксіз күйде болғанын көрдім. Уақыт өте сабақ та басталды, сабақ оқу маған қатты ұнады, көп достарды тауып алғашқы ұстазымды жақсы ...

Толығырақ »

«Ілияс оқулары» сайысы

Алматы облысы Карасай ауданы Каскелен каласынын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінде 5 сәуір күні Елбасмыздын  «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ әдебиетінің жұлдызы, талантты ақын Ілияс Жансүгіровтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында аудандық «Ілияс оқулары» өткізілді. Сайысты аудандық білім бөлімінің бас маманы ...

Толығырақ »