Home » Жаңалықтар » «I шуақ» педагогикалық жасағының жеңісі

«I шуақ» педагогикалық жасағының жеңісі

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің ұйымдастырумен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Педагогикалық жасақтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың әрі қарай кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасау мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде және Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылғы 31 наурыз – 4 сәуір аралығында Республикалық жиын өткізілді. Бұл Республикалық жиынға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледж студенттерінен жасақталған  «I шуақ» педагогикалық жасағы қатысып қайтты. Аталған іс-шараға Ақмола облысы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Орал, Батыс Қазақстан, Астана қаласының педагогикалық жасақтары қатысты.
Жиынның басты мақсаты – балалардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, біліктілігін арттыру, тұрақты өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы педагогикалық жасақтардың арасындағы кәсіби және мәдени қарым-қатынастарды дамыту болып табылады.
Жиынның өту тәртібі «Ойындар. Идеялар. Инновациялар» көрмесі, «Біздің міндетіміз – жүректерге сәуле шашу» бейнероликтер байқауы,  «Туған күніңмен, Астана!» немесе «Еуразия жүрегіне саяхат» тақырыбында мини спектакль кезеңдерін орындаудан тұрды. Слеттің негізгі бағдарламасына қосымша ретінде жиын қатысушыларына оқыту курстары, «Веревочный курс» психологиялық тренингтер, шеберлік-сыныптар өткізіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша колледжіміздің «I шуақ» педагогикалық жасағы жоғары белсенділік көрсетіп, жүлделі І орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар «Туған күніңмен, Астана немесе Еуразия жүрегіне саяхат» тақырыбындағы мини спектакль бойынша «Ең үздік қойылым» номинациясына да ие болды. Жиынға жоғары деңгейде қатысуына колледж тарапынан студенттерімізге барлық мүмкіндіктер жасалды. Біз өз студенттерімізді мақтан етеміз! Оларға жаңа шыңдарға жетуге тілектеспіз!

Қ.Мұқышева,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі,
директордың практика жұмысы бойынша орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.