Home » Жаңалықтар » Үш тілді білу

Үш тілді білу

Қазіргі уақытта көп тіл білу өмірдің өз заңдылығына айналды. Көп тіл білетін адамды «полиглот» деп атайды. Бірнеше тілде қатар сөйлеу аса маңызға ие болған бүгінгідей уақытта полиглот азаматтардың Қазақстанның болашағы үшін өте керек мамандар екенін  айтқанымыз жөн.
Мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі  пән  мұғалмдері «Үш тілді білу » атты сайыс сабағын өткізді. Мұндағы мақсат оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу.
Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
“Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының мақсаты түсіндіріліп, сайыстың кезеңдері басталды: «Таңғалдыра таныстыру»,«Адасқан сөздерге жол сілте..»,«Сұрақ – жауап»,  «Тапқыр  болсаң, тауып көр», «Үш тілді білу – заман талабы», «Ана тіліме мөлтек сыр…». Оқушылар тапсырмаларды орыс және ағылшын тілдеріне аударды.
Мұғалімдер әлемдік тәжірбиеден оқушыларға мынадай кеңестерді алуға болатынын ескертті: тілді күніге үйрену қажет, ең дұрысы аздан көпке қарай ақырындап жылжи беру керек. Тілді үйренген кезде мәтінді оқу, тыңдау, жаттау, талдау, қайталау сияқты алуан түрлі процесстерді ұдайы алмастырып отыру қажет. Тілді игеру — сөздік қорды неғұрлым көбірек жаттап алуға байланысты. Бір күнде жүзден астам жаңа сөз жаттап алудың  ешқандай қиындығы жоқ.  Тіл үйренген кезде күйтабақтарды, таспаларды, радио және телеаппаратураларды кеңінен пайдалану, арнайы үйірмелерге қатысу оң нәтиже беретінін айтты.
Алайда, жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтап, ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.
«Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, — демекші, жеті жұрттың тілін біліп, өз тіліңді қастерлеуің қажет.

 Нұржамал КАЛЕКОВА,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы,
«Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.