Home » Жаңалықтар » ПАВЛОДАР жаңалықтары

ПАВЛОДАР жаңалықтары

РЕСЕЙГЕ ӨНЕРІН МОЙЫНДАТҚАН ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ

Санкт-Петербург қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Әріп-сөз-кітап» атты III халықаралық көркемсурет байқауы өтті. Оған: Қазақстан, Ресей, Түркия елдерінен 7-20 жас аралығындағы 2 000-нан астам дарынды суретшілер қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Ресей мемлекеттік мұражайының директоры В.А.Гусев және Ресейдің танымал суретшілері мен ұстаздары, арт-сыншылар кірді.
Аталмыш сайысқа Павлодар қаласындағы Көркемсурет мектебінен 2 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, павлодарлық оқушы қыз Әлия Жұмағалиева компьютерлік графика техникасында орындалған «Кітап үлгісі» жұмысы үшін Жеңімпаз грамотасымен марапатталды. Айта кетейік, Әлия осыған дейін әртүрлі сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанып, 2018 жылдың ақпан айында облысымыздың 80-жылдық мерейтойына арналған «Туған өлкем — Ертісім» сайысында «Көрермендер көзайымы» дипломымен марапатталған болатын. Сондай-ақ, халықаралық байқаудың екінші жүлдегері талантты оқушы — Марина Колесник болды. Ол өзінің «Әріптер» жұмысымен жүлделі оралды. Талантты жерлестеріміздің шығармашылық еңбектері «Ең үздік жұмыстар» альбомына енгізілді.
Биеннал көрмесі А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханың «Васильевскідегі» көркемсурет галереясы мен Санкт-Петербург қаласының Президенттік кітапханасында жалғасты.

 

ТҮРКИЯҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА АЛДЫ

Екібастұз қаласының М. Глинка атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары үшін көктемгі демалыс маңызды жетістіктерге толы болды. Жас музыканттар түрлі деңгейдегі он шақты байқауға қатысып, бақтарын сынады.
Астана қаласында өткен әр жанрдағы халықаралық «Арман қанатында», «Көктем музыкасы», «Шашу», Мәскеудегі халықаралық «Зажги свою звезду», жалпы фортепиано бойынша халықаралық «Eurasia Piano Forum» және Алматыдағы республикалық «Рауан» байқаулары, сондай-ақ, Павлодар қаласында мәреге жеткен теоретикалық пәндер бойынша облыстық дарынды жасөспірімдердің өнерін шыңдаған сайыстар, 50-ден астам жүлделі орындар — музыка мектебінің абыройын асырды.

Ал, Илья Аверин жалпы фортепиано бойынша халықаралық «Шашу» байқауында арнайы сыйлық – Туркияға тегін жолдаманы жеңіп алды.
Айта кетерлігі, теоретикалық пәндер байқауында республикалық «Рауан» байқауына қатысқан Асылгүл Құдайбергенова мен Ділназ Канапина және халықаралық «Eurasia Piano Forum» байқауынан Нүриза Мұқатай «Гран-при» иеленіп, мектеп қоржынын төрт ірі жүлдемен толтырды. Музыка мектебі әртүрлі жетістіктерді паш еткен 13 дипломмен 40 жүлделі орынның иегері атанды.

 

ЖАС ТАРИХШЫЛАР

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысыТүркістан қаласында Н.Оңдасынов атындағы «Дарын» мектеп-интернатында 5-10 сынып  оқушылары арасында XIII  республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара барысында Павлодар облысынан 5 оқушы: дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушылары: Рашитова Алия, Ошақпай Назерке, Серикбаева Айгерим, Балтабекова Сабина және Екібастұз қаласынан №24 орта мектептің 8 сынып оқушысы Коптева Мария қорытынды кезеңге өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы жүлделі орынға ие болды. Екібастұздық оқушысы Коптева Мария ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломды дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Рашитова Алия иеленді.
Жүлделі болған дарынды балалардың жетекші-мұғалімдері Амангелді Рауза (дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) және Жангозина Гульжамал Темкеновна (Екібастұз қ. №24 орта мектебі) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

 

ҰСТАЗДАР МЕН ПСИХОЛОГТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Облыстық психологиялық,медициналық,педагогикалық кеңес беру мекемесінде «Білім беру ұйымдарында 0-ден 18-жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау және балалардың статистикалық есебін жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мемлекеттік қызметтерді көрсететін білім беру бөлімдерінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) басшылары қатысты.
Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру және әлеуметтік қызметтерді көрсету, анықтау және балалардың статистикалық есебін жүргізуге қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық білім беру мәліметтер базасының ақпараттық жүйесін түрлендіру шеңберінде (ҰБМБ АТ) 0-ден 18-жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың есептік жүйесін енгізу жоспарлануда.
Семинар қатысушылары қолайлы білім беру бағытын анықтау үшін ерте жастан дамуында кінәраты бар балаларды уақытында анықтау, ерте түзету-педагогикалық көмек  көрсету және білім беру үрдісіне тарту мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

 

ҒАРЫШҚА ҒАШЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР

Мәскеу қаласында «Гагарин оқулары» атты 44-ші Халықаралық жастар ғылыми конференциясы өтті. Оған Павлодар қаласынан облыстық «Оқушылар сарайының» «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Қобланды Еренғайып пен Алексей Беличенко қатысты. Мәскеу авиациялық институтының қызметкерлері мен «Microsoft» компаниясының өкілдері павлодарлық жеткіншектердің ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытты.
Оқушыларды бір топ павлодарлық жанкүйерлер: жетекшілері Гүлнәр Баубекова мен жас астрономдар да қолдап, іс-шараға қатысты.
Аталмыш шараның бір ерекшелігі — жас ғалымдар ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қорғады. Университеттің жетекші мамандары, оның ішінде кафедра жетекшілері, профессорлар, техника ғылымдарының докторлары 58 секцияда 939 баяндама тыңдалды. Қобландының «Астрономиялық үрдістерді моделдеу» атты жұмысы «Инжинерлік есептердегі математика және информатика» секиясында ІІІ орынға ие болды.  Бұл жоба динамикалық қолданыста болып, оны жасау үшін web облысында технологиялар қоланылды.
Алексей Беличконың «Сызықтық масса үдеткіші» атты жұмысы «Зымыран-ғарыш перспектива» секциясында І орынға ие болды.  Алексей дәстүрлі ғарыш айлағында артықшылығы бар, қоршаған ортаны ластамайтын үдеткішті әзірледі. Конференцияның қарсаңында жас ғалымдар ғарышкерлерді дайындайтын «Жұлдызды қалаға» саяхаттап қайтқан. Жетекшілерінің айтуынша, бұл мүмкіндік жас өнертапқыштардың  Халықаралық байқауға лауреат болғандары үшін берілген көрінеді.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.