Home » Жаңалықтар (page 148)

Жаңалықтар

ҚР БҒМ мектеп бітіру кешін қымбат шараға айналдырмай, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынады

Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Ол көптеген ата-ана үшін отбасылық бюджетке салмақ салатыны анық. Мұндай хабарламаларға жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан мектеп бітіру кешін ақшаны үнемдеу үшін кафе, ресторандарда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік мектеп бітіру ...

Толығырақ »

№62 «Нұрсәуле» балабақшасында ашық есік күні

Нұр-Сұлтан қаласының №62 «Нұрсәуле» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен «Ашық есік» күні болды. Осы «Ашық есік» күнінде барлық топтарда ашық оқу қызметтері өте жоғары деңгейде көрсетілді. Ата-аналар өздерінің ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, «Қарлығаш» ортаңғы тобында тәрбиеші Бейбітхан Қ.«Бұйра қошақан» тақырыбында дәстүрден тыс аппликация оқу қызметінде қағаздарды жырту арқылы аппақ қошақанның бұйра жүндерін жапсырды.Сонымен қатар үй жануарларының төлдерін атап, оларды шақыру туралытақпақпақтар айтып, тілдік жаттығулар да қайталанды. Балалар оқу ...

Толығырақ »

Дияр Туленов Азия олимпиадасында қола медаль иеленді

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дияр Туленов Австралия елінде Аделаида қаласында 5-13 мамыр күндері физикадан өткен ХХ Азия олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Индия, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінен физиктер қатысты. Физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық ...

Толығырақ »

15 мамыр — ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға ...

Толығырақ »

  Қыз өссе – елдің көркі  («Аяулы арулар» клубы аясында)

Қоғамда қызға арналған барлық тақырыптар нәзік келіп, мол тәрбиеге ие келеді. Қыздың мейірімділігі, ерекше жаратылысы өтпелі кезеңде біраз өзгеріске ұшыраса да оның әдемілігі өз қалпын жоғалтқан емес. Сол себепті қыздың тәрбиесіне отбасынан бөлек мектеп қабырғасы да араласып, қыз тәрбиесіне өз үлестерін қосуда. Әрине, мектептегі қыздың тәрбиесі отбасына да байланысты, десек те қыздың көңіліне кірбің түспей өсуі отбасы мен мектептегі бағыт-бағдар ...

Толығырақ »

Ағылшын тілінде әңгіме жазған Аспарух АҚШ-қа барады

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аспарух Сұлтанмұрат  АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бағдарламалары бюросының қолдауымен ұйымдастырылған «Жол аралық: әлем және жазушылық тәжірибе» (Between the lines) атты екі апталық бағдарламасының жеңімпаздарының бірі атанды. Айова университетімен (The University of lowa) бірлесе ұйымдастырылған курс биылғы жылдың 13-27 шілде аралығында аталған универсиетте өтпек. Ағылшын тілінің шеберлері мен жазушылық қабілеті бар балалардың ...

Толығырақ »

Бейнеу ауданындағы іс-сапар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Онайбаев Бейнеу ауданында іс-сапарда болып, ондағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласына бақылау жүргізді. Атап айтқанда, Бейнеу ауылы әкімі аппаратында, Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде кеңейтілген жиын өткізіп, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. ...

Толығырақ »

№102 ЖББМ КММ-нің «ОТБАСЫ САҒАТЫ» акциясы аясында атқарылған іс-шаралар жөніндегі есебі

Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу болып табылады. Алматы қаласының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Қазақстан-2020 болашаққа жол»  мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ...

Толығырақ »

STEM-мектеп  оқушыларын  оқытудың  жаңа  әдістемесі және әлемдік білім  берудің  негізгі тренд

Қазіргі заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін ...

Толығырақ »

Әзілмен өткен әдемі кеш

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен маңғыстаулық ақын, сазгер, балалар жазушысы, сатирик, Халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері Ерекен Қорабаевпен кездесу өткізді. «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп,сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы ...

Толығырақ »