Home » Жаңалықтар » Отыз баптың мәңгілік мекені болған -Отырар

Отыз баптың мәңгілік мекені болған -Отырар

Түркістан түркі әлемінің алтын бесігі. Рухы мықты санасы ашық 16 ауданнан жиналған облыс оқушыларының арасындағы керуен-шеруіне бүгін 4 -ші күн.
Кестеге сәйкес 20 -шы маусым Түркістан -Отырар бағыты болса ,
ұранымыз «Отыз баптың мәңгілік мекені болған -Отырар» «Түркістан түркі әлемінің алтын бесігі» болды. Отырар бағыты бойынша Арыстанбаб кесенесімен таныстырылым жүргізілу тиіс.
Бұл жолы да Білімдері қазына , жүректері мейірімге толы ,еңбектері тарихта қалатын керуен бастаушыларының бүгінде белсенді жұмыс жасауы жоғары деңгейде. Атап айтар болсақ; Нигметова Клара Қанбетқызы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі, Дінақов Құрманғазы Тұрсынбайұлы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының көркемдік жетекшісі Айтов Мырзарайым- облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының саз жетекшісі Керімбек Бексұлтан Қайратұлы — облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының педагог — ұйымдастырушысы Отырар ауданына қарасты Арыстан баб кесенесі Түркістан қаласынан шамамен 1 сағаттық жерде орналасқан екен.
Тарихты білуге құштар оқушылар кесенені көре салысымен өз білгендерін естігендерін айтып жатты. Нақты әрі толық таныстырылымды қалалық туризм және өлкетану орталығының маманы Акимбекова Шолпан жасады.
Арыстан баб жайлы ақпаратмен танысқан оқушылар естелікке суретке түсіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бағыт алдық. Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті.
Әкесі – Исфиджабтадаңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.