Home » Балабақша » Балабақшада балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізу

Балабақшада балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізу

Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. Балабақшаның жаз кезіндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер: Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді сауықтыруды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасау. Балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын бекітуге және жетілдіруге, еңбекке тәрбиелеуге арналған жағдайларды қамтамасыз ету. Балаларға экологиялық тәрбие беруді, жануарлар мен өсімдіктерге деген қызығушылығын белсендіру. Табиғатты қадағалау барысында экологиялық ой-өрісін қалыптастыру. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Салауатты өмір салты – қызметтің кез келген саласында, үйде, демалысты белсенді болудың негізі. Денсаулықпен ерте жастан айналысқан маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді. Мектепке дейін білім беру жөніндегі әдіскер педагогтарға көмек ретінде қажетті анықтамалық әдебиетті: бос уақытты өткізу жөніндегі, жазғы халық мейрамдарының күнтізбесін, сондай-ақ өткен жылдардағы балалармен жазғы жұмыс тәжірибесінің материалдарын: қысқаша сипаттамасымен бірге қозғалғыш, спорттық, қимыл қозғалыс ойындарын, құрылыстық-конструкциялық және дидактикалық ойындар картотекасын; тәжірибелік кеңестер мен әдістемелік ұсынымдарды таңдап бере алады.  Осылармен қатар, педагогтар толыққанды тәрбие жұмысына арналған қажетті білімді семинар-практикумдардан ала алады, атап айтқанда: «Жазғы кезеңдегі мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибелік-зерттеу қызметін ұйымдастыру». «Жазда шынықтыру жүйесі». «Жазғы кезеңде балалар шығармашылығын ұйымдастырудың ерекшеліктері». «Серуендеу кезінде қозғалғыш ойындарды ұйымдастыру» және т. б. Бұл кезеңде балалармен тәрбие және білім беру жұмысы әдетте серуен кезінде жүзеге асырылады. Жұмыс режимі тәрбиеленушілер үнемі таза ауада болатындай етіп ойластырылады: әңгімелесулер, сюжеттік-рөлдік ойындар, сумен және құммен айналысу, түрлі қадағалаулар, табиғат аясындағы еңбек және т. б.

Жазғы кезеңде балалармен жүргізілетін іс-шаралар түрлері Таза ауадағы сауықтыру жаттығулары: жаттығу; жүгіру; спорт ойындары; Эмоциялық күйзелісті азайтуға арналған ойындар: логоойындар; саусақтық және артикуляциялық ойындар; логоырғақ; ырғақ сезінуді дамытуға арналған ойындар. Салауатты өмір салты туралы әңгімелер: «Кір қолдар аурулары»; «Егер сау болам десең, шынық!»; «Дені саудың – жаны сау»; «Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы». Ағзаны шынықтыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу. Балалармен жұмыс істеуді дұрыс жоспарлаудың маңызы бар.

Балалардың дене және психикалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге дұрыс жоспарланған ойын-сауық, танымдық және сауықтыру сипатындағы іс-шаралар жүйесі көмектеседі. Жазғы сауықтыру кезеңі тек белсенді тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші мен балалар, тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал етеді.

 

 ЕЛУБАЕВА ӘСЕМГҮЛ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№16 «Ертегі» балабақшасының  ересек тобының  тәрбиешісі 

One comment

  1. Садулла

    sadulla.aytymbetov@mail.ru

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.