Home » Жас қалам

Жас қалам

Туған жер

Әр жанға ыстық екен туған елі, Қосамын әр күн сайын жырға сені. Ауаңды жұтқан сайын кеудем толып, Шаттық пен қауышамын тауға шығып, Гүл терем Алатаудың бөктерінде, Жүремін асқақ арман жетегінде. Кетсем де арман қуып басқа елге Сағынышпен оралам туған жерге. Сағынамын елімнің жанын да, Маңыраған малға толы жайлауын да Жырға қосам елімнің байлығын мен Мерейің үстем болсын жерім менің!   ...

Толығырақ »

ҰЛАНЫМЫН ТӘУЕЛСІЗ АЗАТ ЕЛДІҢ

(тақырып төңірегінде эссе ) Кең байтақ даласында керіліп жатқан Сарыарқасы, батысындағы жазықтары мен шығысындағы асқар таулары, оңтүстігінің ыстығы мен солтүстігінің суығы – бәрі-бәрі оның Отаным деген тұрғындары үшін ыстық көрінетін менің Қазақстаным бүгінде өзінің дербес ел болғандығының 25 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Бұл мерейтой халқым дейтін әр қазақтың, отаным дейтін әр Қазақстандықтың мерейін асырмақ, себебі Қазақстан туралы «тәуелсіз ел» деген ...

Толығырақ »

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

  «Әжем айтқан әңгіме» (оқушы өзінің ата-әжесі айтқан әңгіме желісімен шығарма)   «Қазақстан – елім менің, жерім менің» деп соғатын әр жүректі, әрбір қазақ баласын елінің басынан кешкендері ойландырмай қоймайды. Осы мақсатта әр мектептен жиналған балалар Арман клубының жетекшісімен, сонау 1941-1945 жылдардағы зұлматтың кермегін тартып, майдан алаңында елі үшін күрескен ардагер ақсақалмен жүздесуге бардық. Ашық аспан, сәулелі күн астында қырандай ...

Толығырақ »

ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ  

Жұмбақ қой адамзатқа «жұмақ» деген, Жұмақ сырын қай пенде табар екен?! Шешу үшін жұмбақты жаратылған, Алтын кілт, шынында да, бар ма екен?! Жұмақты бірі ойлайды өтірік деп, Жасайды сол себептен қиянат көп. Ойланбай кез келгенді айта салар, Адамдар тіл мен жаққа сүйеніп тек… Айтайын жұмақтың мен  қайда екенін, Жұмбақ болған жұмақтың біл мекенін… Алыста емес Анаңның табанында, Талай жылдар армандап ...

Толығырақ »

Менің арманым – Мұстафа Өзтүрік сияқты болу

Әрбір бала армандағанды жақсы көреді. Ал менің арманым – әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік сияқты болу. Ол өзі Түркияда туылғанымен, өз ұлтын өлердей сүйген ержүрек азамат. Мұстафа Өзтүрік атақты Брюс Лимен бір жаттығу залында дайындалған, кейін Брюс Ли актер болып кеткенде Мұстафа спортпен айналысуын жалғастырған. Ол таэквондо спортынан «6 дан» дәрежесіне дейін өскен алғашқы қазақ.       Мен 7 жасымнан бастап ...

Толығырақ »

Менің ұстазым

 Мен 2 сыныпта оқимын. Сабағым жақсы, алған жетістіктерім де көп. Бірінші сыныпты үздік бағамен бітіріп, ағылшын тілінен өткен байқауда, өз жетістіктерімді көрсетіп, бірінші сыныптар ішінде үздік атанып 1 орын алдым. Ал биылғы оқу жылында мектебімізде өткен Жамбыл Жабайұлының туылғанына 173 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыры кетпес жүректен» тақырыбында өткен кеште Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, мектеп директорының атынан Алғыс хатпен ...

Толығырақ »

Көктем, Әпкелерім, Менің өнерім

Көктем Көктем келді алақай, Қуанар барлық балақай. Жаңбыр жауып күн сайын, Жайнайды гүлдер алақай     Менің өнерім Мен өнерлі баламын, Бәрін істей аламын. Анам менен әжемді Таң қалдыра аламын.   Отбасым Жақсылық деген атам бар, Ғалия деген әжем бер. Мұзафар деген әкем бар, Айгүл деген анам бар. Төртеуі де төрт түрлі Атам менің батырым, Әжем менің ақылшым, Әкем менің ...

Толығырақ »

Мемлекеттік қызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалы бірлесіп облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Аталмыш шараға Арнайы мониторингтік топ, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысқан болатын. Наурыз мейрамы қарсаңында ...

Толығырақ »

Ормандағы ғажайып оқиға

  Жаздың шуақты күнінде мен орманға саяхатқа шықтым. Сұлу табиғаттың жазғы көрінісін тамашалағым келді. Қасыма күшігім Жарықты ертіп алдым. Сөмкемді тағамдарға толтырып алған едім. Көптен бері мұндай саяхатқа шықпаған Жарық, орманды барлағандай болып, әр қадамын аңдап басады. Ал мен болсам кеше әжем әкелген таңқурайды бір-бірден аузыма салып, жалғыз аяқ жолмен айналаны тамашалап келе жаттым. Кенет біздің алдымызда дүние жарқ еткендей ...

Толығырақ »

Анам

              Ана жайлы ойыңды айтып, тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты ерекше. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, аз да болса, өз ойымды жеткізім келеді. «Ана» дегенде толқымайтын көңіл, толғанбайтын жүрек жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында теңіздей терең мағына жатыр. Ана – әрбір ...

Толығырақ »