Home » Жас қалам (page 2)

Жас қалам

Сәби арманы деп аталатын бейне баян көрерменге жол тартты

Жансая, Рамиля, Зереана, Далида есімді жас орындаушылар әнді нақышына келтіріп шырқады. Жас өнерпаздар Әнші әрі педагог Өнер саласының үздігі, Мәдениет майталманы Айгуль Адихановадан дәріс алады. Аталмыш әннің мәтінін ақын Асқар Дүйсенбі жазды. Әнін жазған жас сазгер Алтынай Жиембекова. «Жетім көрсең,- жебей жүр»!- деп келе жатқан қазақтың сөзін естен шығармайық. Бұл тақырыпты шығармашылықтарына арқау етіп жүрген әншілер бар ғой. Бірақ, саусақпен ...

Толығырақ »

Ең қымбат сыйлық

Сыйлық. Сыйлық — сыйлы немесе жақсы көретін адамды қуанту үшін жасалатын құрмет. Сыйлық сыйлау  қай ұлт немесе мемлекет болмасын, барлық жерде бар деп ойлаймын. Сыйлық — адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай екенін көрсетеді. Кейде сыйлық айтатын сезіміңді жеткізу үшін де қолданылатын сияқты. Ең қымбат сыйлық — шын ниетімен берген сыйлық. Құнының қымбаттылығына  емес, ақ пейілмен, дос сезіммен сыйлағаны мағызды. Меніңше, жақсы ...

Толығырақ »

Ұстазым менің, ұстазым

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған бала өзінің ең алғашқы ұстазын көреді. 1-сыныпта мұғалім мейірімді көздерімен, жақсы сөздерімен қарсы алады.  Ол саған қалай дұрыс жазуды, балабақшада үйренген әріптерді  қосып оқуды, есте сақтауды, мектеп ішінде жүріп-тұруды, денешынықтыру пәнінен шешініп-киінуді, бәрін-бәрін үйретеді. Ол — менің Қалима апайым. Қалима апай — біздің ең сүйікті апайымыз болды. Үйде  анамызды іздесек, мектепте біреу ренжіте қалса, Қалимаш ...

Толығырақ »

Мен OFFLAIN

Бір күні мен сабақтан келіп, сабақты оқуға дайындалып жатқанмын. Сол кезде мен ертеңгі жоспарымды құра бастадым. Сабақта берілген тапсырмаларды орындау. Кешкі тамағымды жеп алу. Компьютерлік ойындарды ойнау. Ертеңгі күн — 27 қаңтар.  Қазақ тілі мұғалімі Ақмарал апайдың 27 қаңтардың Халықаралық интернетсіз күн екені туралы айтқаны есіме түсе кетті. Бір сәт қынжылсам да, қатты қуандым. Ал көп сыныптастарым апай  27 қаңтар ...

Толығырақ »

Мен OFFLAIN

Қазіргі кезде көп адамдар online-да отырады. ONLINE  —  түрлі әлеуметтік желіде байланыста отыру болса,  OFFLAIN — желілерді қолданбау деген сөз.  Егер менен қайсысын таңдайсыз десеңіз, OFFLAIN-ды таңдар едім. Неге дейсіз бе? Біріншіден, қаншама ақша кетеді. Компьютер, процессор, жоғары сапалы телефондар жыл сайын қымбаттауда, әрі 5-6 жыл сайын ауыстырып отыруға тура келеді. Бұл — отбасына шығын. Екіншіден,  интернетке құмар ата-аналар, бірінші ...

Толығырақ »

Туған жер

Әр жанға ыстық екен туған елі, Қосамын әр күн сайын жырға сені. Ауаңды жұтқан сайын кеудем толып, Шаттық пен қауышамын тауға шығып, Гүл терем Алатаудың бөктерінде, Жүремін асқақ арман жетегінде. Кетсем де арман қуып басқа елге Сағынышпен оралам туған жерге. Сағынамын елімнің жанын да, Маңыраған малға толы жайлауын да Жырға қосам елімнің байлығын мен Мерейің үстем болсын жерім менің!   ...

Толығырақ »

ҰЛАНЫМЫН ТӘУЕЛСІЗ АЗАТ ЕЛДІҢ

(тақырып төңірегінде эссе ) Кең байтақ даласында керіліп жатқан Сарыарқасы, батысындағы жазықтары мен шығысындағы асқар таулары, оңтүстігінің ыстығы мен солтүстігінің суығы – бәрі-бәрі оның Отаным деген тұрғындары үшін ыстық көрінетін менің Қазақстаным бүгінде өзінің дербес ел болғандығының 25 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Бұл мерейтой халқым дейтін әр қазақтың, отаным дейтін әр Қазақстандықтың мерейін асырмақ, себебі Қазақстан туралы «тәуелсіз ел» деген ...

Толығырақ »

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

  «Әжем айтқан әңгіме» (оқушы өзінің ата-әжесі айтқан әңгіме желісімен шығарма)   «Қазақстан — елім менің, жерім менің» деп соғатын әр жүректі, әрбір қазақ баласын елінің басынан кешкендері ойландырмай қоймайды. Осы мақсатта әр мектептен жиналған балалар Арман клубының жетекшісімен, сонау 1941-1945 жылдардағы зұлматтың кермегін тартып, майдан алаңында елі үшін күрескен ардагер ақсақалмен жүздесуге бардық. Ашық аспан, сәулелі күн астында қырандай ...

Толығырақ »

ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ  

Жұмбақ қой адамзатқа «жұмақ» деген, Жұмақ сырын қай пенде табар екен?! Шешу үшін жұмбақты жаратылған, Алтын кілт, шынында да, бар ма екен?! Жұмақты бірі ойлайды өтірік деп, Жасайды сол себептен қиянат көп. Ойланбай кез келгенді айта салар, Адамдар тіл мен жаққа сүйеніп тек… Айтайын жұмақтың мен  қайда екенін, Жұмбақ болған жұмақтың біл мекенін… Алыста емес Анаңның табанында, Талай жылдар армандап ...

Толығырақ »

Менің арманым — Мұстафа Өзтүрік сияқты болу

Әрбір бала армандағанды жақсы көреді. Ал менің арманым — әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік сияқты болу. Ол өзі Түркияда туылғанымен, өз ұлтын өлердей сүйген ержүрек азамат. Мұстафа Өзтүрік атақты Брюс Лимен бір жаттығу залында дайындалған, кейін Брюс Ли актер болып кеткенде Мұстафа спортпен айналысуын жалғастырған. Ол таэквондо спортынан «6 дан» дәрежесіне дейін өскен алғашқы қазақ.       Мен 7 жасымнан бастап ...

Толығырақ »