Home » Жас қалам » Университет грантына ие болды

Университет грантына ие болды

Батысқазақстандық оқушы Қазақ-британ техникалық университетінің грантын иеленді деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күндері мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізді.
    Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алмаз Шынбай мен 10-сынып оқушысы Жамбыл Мақсотов информатика пәні бойынша күміс медаль, ал 10-сынып оқушысы Тимур Өксікбаев  физика пәні бойынша қола медаль иеленді. Нәтижесінде XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы жерлесіміз Алмаз Шынбайға (жетекшісі – Нұрлан Оразгелдиев) Қазақ-Британ техникалық университеті грантының сертификаты берілді. Осылайша «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шығындары толық өтелетін болады.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.