Home » Жаңалықтар »    Музейден алған әсерім

   Музейден алған әсерім

         Мен Ибраев Қадыр Нұр –Сұлтан қаласында Н.Әбдіров атындағы №33 «Балабақша – бастауыш мектеп» кешенінде 1 «Б» сыныбында білім аламын. Біз сыныптастарымызбен бірге музейге саяхатқа бардық. Саяхаттан алған әсерімді сіздермен бөліскім келеді. Музейде біз көтеген қызықты, маңызды дүниелермен таныстық. Елбасымызға көптеген ұлт өкілдері сыйға тартқан музыкалық аспаптар мен спорттық құралдарды көрдік. Домбыраның бірнеше түрін, қобызды және шаңғы, велосипед және мотоциклды көрдім.

             Елбасымыздың ата –анасын, туыс бауырларын және сыныптастарын көрдім. Елбасымыздың алғашқы ұстазын және мектепті жақсы оқығаны үшін берілген медальін көрдім.

Мен сол сәттен бастап өзіме мақсат қойдым. Елбасымыз секілді еліме, жеріме адал қызмет етемін деп. Бірақ ол үшін сабақты жақсы оқып, аянбай еңбек ету керек.

 

 

         Нұр-Сұлтан қаласы

Білім басқармасы

№ 33 «Балабақша – бастауыш мектеп кешені»

                                1 «Б» сынып оқушысы Ибраев Қадыр Азилханович

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.