Home » Баяндамалар (page 19)

Баяндамалар

Көптілділік – білім берудің жаңа сатысы

       Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.   Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті ...

Толығырақ »

Балаға ерте жастан ана тілін үйрету

«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» — деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ана сүтімен бойымызға тараған туған тіліміз – қазақ тілі. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілдік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. «Өзге тілдің ...

Толығырақ »

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамыту, олардың практикалық дағдыларын иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Балалар тілді меңгере отырып, заттарды, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімді игере бастайды. Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап, баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады, көркем өнерге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар ...

Толығырақ »

Дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізудің маңызы

        Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланған жөн. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. ...

Толығырақ »

Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадаға дайындау

«Олимпиада» сөзін естігенде, әдетте, ойымызға тек үздік оқушылар мен дарынды балалар келеді. Десек те, бүгінгі біздің қоғамымыз орта мектепке «әр баланың бойындағы бар қабілеттерді тауып, оқушыны шыңдау керек» деген талап қояды. Бұл мұғалімге «қабілетсіз оқушы болмайды» деген қағидатты басшылыққа алып, өз жұмысын осы бағытта жүргізу қажеттігін ескерте түседі. Бүгінгі таңда бастауыш оқушыларын да мектепішіліктен бастап, республикалық, халықаралық білім олимпиадаларына қатыстыруға ...

Толығырақ »

Баланың балабақшаға бейімделу үрдісі

      Балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатыны сөзсіз. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Кез келген балаға жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды және мәліметтік стресс болып келеді. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлыққа жаңа талаптар, жалпы жаңа орта балабақшаға жаңа келген бала ...

Толығырақ »

Маманның кәсіби өсуі

        Өмірдің әр түрлі кезеңдерінен сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білім қай жаста да қажет екенін, әр адам өз өмірі, кәсіби әрекеті барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Мемлекетіміздегі білім беру жүйесін жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында негізгі мәселенің бірі «өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы игерілетін білім» ұстанымына өту болып табылады. Шетелдік зерттеулерде дағды мен ...

Толығырақ »

Жаңашыл ұстаз

Жаңашыл ұстаз – заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім – шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қоғамда ...

Толығырақ »

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Белгісі болса – жолдан жаңылмас,                                           Білімі болса – сөзден жаңылмас. Жуырда Созақ ауданы Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектепте 8-9-сыныптар аралығында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыстың мақсаты: Латын әліпбиіне көшу, оның маңыздылығын насихаттау. Пікірсайыста 8-9-сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, талқылады. «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. ...

Толығырақ »

Тұлғаның рухани бейнесі

         Табиғатынан ешкімге зәбір көрсетпеген қазақ ұлты өзіне тән ұлттың қадір-қасиеттерін ұлықтап, бағалай білген. «Кісілік пен тектілікке талаптанар балам болса арманым қайда» деген қазақтың бұрынғы ұрпағының бойында қазіргі кезеңдегі ұрпақта кездесетін келеңсіздіктер жан ауыртады. Ата-бабамыз ұлының ұлтжанды, қызының жібек мінезді, барар шаңырағы берекелі, өнегелі болып тәрбиеленуіне көңіл бөлген. Сондықтан да ер баланың бойына намысқойлық, сертте тұру, мәрттік жасау, қанағатшылық, шаруақорлық ...

Толығырақ »