Home » Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ (page 6)

Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Шаттығы мол Президент шыршасы

Оралда желтоқсанның 24-і күні балаларға арналған жаңажылдық Президент шыршасы өтті. «Жарқыра Қазақстан! Жарқыра туған жер!» деген атаумен өткен биылғы жаңажылдық кешке Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, балғындарға Елбасының сыйлығын тарту етті. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен жаңажылдық кешке жиналған жеткіншектерді бейнеэкран арқылы құттықтаған Президент  Нұрсұлтан Назарбаев оларға жылы лебізін жеткізді. «Бұл – өздеріңді жаңа арманға жетелейтін, ...

Толығырақ »

Латын тіліндегі кітаптар – көрмеде

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығына орай Оралда «Латын» кітап көрмесі өтуде. Ағымдағы жылдың 28 қарашасында ашылған көрмені Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау» жеке қоры ьұйымдастыруда. Аталмыш қордың төрағасы Айболат Құрымбаевтың айтуынша, кітап көрмесіне 1929-1940 жылдар аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек қорынан шығарылған қазақ тіліндегі 100-ден астам кітап ұсынылыпты. – Көрме төрт ...

Толығырақ »

Елбасы күні қарсаңындағы шара

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Оралдағы №1 орта мектепте тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында қалалық біріншілік өтті. Спорттық шараны «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы мен №1 ЖОББ мектебі ұжымы бірлесе ұйымдастырды. Жарысқа қатысушылар  2008-2009 жылы туған ұлдар, қыздар және 2010 жылғы ұлдар, қыздар болып екі топқа бөлінді. Жалпы спорттық сайысқа бес команда қатысты. Олар – №1 ...

Толығырақ »

Құнды деректер студенттерді қызықтырды

Қарашаның 26-сы күні Оралдағы жоғары аграрлық техникалық колледжінде «Бұрмаланған тарих немесе соғыс туралы ащы шындық» атты кездесу өтті. Шараға ҚР Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы  Ахмедияр Батырханов қатысты. Кездесудің құрметті мейманы, соғыс тарихын зерттеу ісімен бел шеше айналысып жүрген Ахмедияр Қуанұлы колледж студенттеріне өзінің жеке қорындағы ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ батырларының ерліктерін әңгімелеп берді. Күні кеше Мәскеу қаласынан оралған кейіпкеріміз ...

Толығырақ »

Оралда ойын алаңдары көбеюде

Соңғы екі жылдың  ішінде Орал шаһарында 25 спорттық алаң балаларға арналған ойын алаңқайымен бірге пайдалануға берілсе, соның 10-ы «Самрұқ Қазына Траст» компаниялар тобының әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде бой көтерді. Өткен аптаның сенбісінде «Самрұқ Қазына Траст» компаниялар тобы кезекті үш бірдей спорт алаңын балалар алаңқайымен қоса тапсырды. Соның бірі – ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына орай ашылған Оқушылар сарайының ауласында орналастырылған. Нысанның ...

Толығырақ »

Оралдық жас шеберлер жарады!

Күні кеше республикалық қолөнер байқауынан оралдық жеткіншектер жүлделі оралды. Ата-аналар мен ұстаздардың қуанышында шек жоқ. Павлодар қаласында өткен республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер бойынша балалар шығармашылық көрме-байқауы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылыпты. Осы өнер сайысына Оралдағы мектептен тыс жұмыстар орталықтарының атынан қатысқан «Қолөнер» үйірмелерінің шәкірттері үш бірдей жүлделі орынды еншілеп қайтты. Атап айтқанда, «Қолөнер» аталымы бойынша ...

Толығырақ »

Кішкентай көрермендер риза болды

Театр – рухани тәрбиенің ошағы. Әсіресе, балаларды театрға алып бару – оларды адамгершілікке, ізгілікке жетелеудің алғашқы қадамы іспеттес. Күні кеше мектеп оқушылары күзгі демалыстарын тәмамдап, бүгін қайтадан оқуға кірісті. Осы ретте Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Подстепный №1 орта мектебінің бастауыш сынып шәкірттері өздерінің қызықты демалыс апталарын әдемі нотамен түйіндеді. Олар 2 қараша күні Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық ...

Толығырақ »

Күзгі мектеп: өсу мен өрлеу алаңы

 15-17 қазан күндері Оралдағы №47 «Бәйтерек» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Ósý vektory» мектебінің күзгі сессиясы өтті. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шара педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологияларды таныстыру мақсатын көздеді. «Ósý vektory» мектебінің күзгі сессиясына аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша мамандары, әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдар директорлары қатысты. Шараның ...

Толығырақ »

Ұлағат – ұлы ұстаздан

Қазанның 5-і күні Оралда өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада қастерлі мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп, түрлі марапаттар табысталды. Мектептің жүрегіне айналған мұғалімдердің төл мерекесіне арналған биылғы салтанатты кеш «100 жаңа есім» деп аталды. Алдымен батыс қазақстандық білім саласы өкілдері бейнеэкран арқылы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің құттықтауын тыңдады. Бұдан соң мінберге көтерілген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өз ...

Толығырақ »

Мұғалім болу – зор жауапкершілік

Әрі қиын, әрі қызықты мұғалімдік мамандықты таңдаған Марал Мурзагалиева осы жолды таңдағанына еш өкінген емес. Әрине, еңбек жолындағы кейбір болмашы қиындықтарға налығанымен, алдына келген білімге құштар шәкірттер оның барлығын лезде ұмыттырып жібереді. Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданындағы М.Қаналиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі Марал Құмарқызы 1985 жылы сол кездегі А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын ...

Толығырақ »