Home » Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Tag Archives: Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Оралдық оқушы – Әлем чемпионы

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы №19 ЖОББ мектебінің 6-сынып оқушысы Ислам Қабдоллов әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ислам Қабдоллов Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 11-12 жас ерекшелігінде Қазақстан құрамасы атынан  акробатикалық жолда секіруден жарысқа шығып, нәтижесінде жоғары 31.100 балды қанжығалаған.  ...

Толығырақ »

Балаусаның еміне қаражат жинап берді

ҚМДБ-ның  төрағасы, бас мүфтидің бастамасымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешіті жанынан ашылған «Қайырымды кәсіпкерлер» бірлестігі қасиетті  Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғанындай, қайырымды кәсіпкерлер Орал қаласындағы Круглоозерный кентінің  тұрғыны Бауыржан Жүсіповтың қызы  Балаусаның Ресейдің Самара қаласынан алатын кезекті ем-шарасына  қаржылай көмек қолын созған.  Балауса Бауыржанқызының еміне жиналған 345 мың теңге қаржыны ...

Толығырақ »

Оралдық баскетболшылар жақсы нәтиже көрсетті

Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің баскетболшы қыздар құрамасы республикалық «Алтын доп» жарысынан жүлдемен оралды. Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жерлестеріміз ұлттық мектеп лигасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық баскетболдан «Алтын доп» жарысында жүлделі  ІІ орынды жеңіп алды. Ұлттық мектеп лигасы аясындағы ойындар 8-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында ұйымдастырылды. Оған республикамыздың  әр өңірінен  8 команда ...

Толығырақ »

Оралда  «Мақашева театры» ашылады

Орал қаласы білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК қолдауымен танымал актриса, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, дарынды аудармашы Эльмира Мақашеваның «Мақашева театрын» ашу жөніндегі ұсыныс талқыланды. Орал қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Оқушылар сарайында театр ашудың мақсаты – өнердің осы түріне қызығушылық танытқан талантты өрендердің актерлік қабілеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру, әр баланың шығармашылық iзденiciне серпiлiс сыйлау. Жиын барысында ...

Толығырақ »

«Жас маман» жобасы жүзеге асуда

Орал политехникалық колледжінде әлеуметтік серіктестерге «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтарды таныстыру шарасы өтті. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруда «Жас маман» жобасы аясында әлеуметтік әріптестерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, білім беру бағдарламасын жетілдіруге жәрдемдесу және оқу процесіне жаңа жабдықты енгізу мәселелерін анықтау мақсаты көзделді. Жобаны бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджет есебінен ...

Толығырақ »

БҚО-да 2000-ға жуық оқушы «Білім» тарифімен қамтылған

Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева биылғы оқу жылында оқушыларға қашықтан оқуға барлық жағдай жасалып жатқанын баяндады. Жаңа оқу жылының екінші айында кезекті рет баспасөз мәжілісіне қатысқан басқарма басшысы өңірдегі 380 мемлекеттік мектептің 249-ы штаттық режимде, 131-і қашықтан жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. – Бұл мектептердегі оқушылар контингенті 111 мыңнан асады. Олардың ...

Толығырақ »

Ұстаздар арасындағы зияткерлік ойын

Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында Ұстаздар күніне орай Оралда «ХХІ ғасыр ұстазы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа оралдық мектептердің 29 жасқа дейінгі мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар өз біліктіліктерімен, шапшаңдықтарымен сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Зияткерлік ойын «Бәйге», «Жорға», «Дода» сынды үш кезеңнен құралды. Осы кезеңдерде топ жарған №12  ЖОББ мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі ...

Толығырақ »

«Орал қаласының Құрметті педагогі» марапаты тапсырылды

Кәсіби мерекелеріне орай ұстаздар қауымын құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаланың білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан мереке иелеріне осындай құрмет көрсетті.   Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Абат Абайұлы білім саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Алты алаштың ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлер мереке иелерімен жүздесті

Мұғалімдер күні қарсаңында Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасы бастау алды. Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік жобаның басты кейіпкерлері – білім саласының үздіктері, облыс аудандары мен қала мектептерінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, біліктілікті арттыру институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасы аясында оралдық зияткерлер кейіпкерлердің өнегелі өмірінен хабардар болып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімнің бейнесін ...

Толығырақ »

Үздік педагог: БҚО-дан қос ұстаз жеңімпаз атанды

Ұстаздар мерекесі қарсаңында өз мәресіне жеткен республикалық «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының қатарында Батыс Қазақстан облысының білікті мамандары да бар. Мұндай қуанышты жаңалықпен бөліскен облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүлдегерлерге аталмыш марапатты облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев табыстаған. ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімін барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы өткізді. Шара ...

Толығырақ »