Home » Мақалалар » Латын тіліндегі кітаптар – көрмеде

Латын тіліндегі кітаптар – көрмеде


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығына орай Оралда «Латын» кітап көрмесі өтуде. Ағымдағы жылдың 28 қарашасында ашылған көрмені Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау» жеке қоры ьұйымдастыруда. Аталмыш қордың төрағасы Айболат Құрымбаевтың айтуынша, кітап көрмесіне 1929-1940 жылдар аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек қорынан шығарылған қазақ тіліндегі 100-ден астам кітап ұсынылыпты. – Көрме төрт бөлімнен тұрады. Яғни, көрмеге келушілер латын тіліндегі оқулықтарды, көркем, салалық,
балалар әдебиеті мен мерзімді басылымдарды тамашалай алады, – деді Айболат Шамұратұлы. Белгілі болғанындай, көрмеге латын графикасындағы жүзден астам кітап қойылған. Олардың ішінде «Әліппе», «Химия», «Алгебра», «Биология» сынды мектеп оқулықтары, Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Өтебай Тұрманжанов,
Әбділдә Тәжібаев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да танымал ақын-жазушылардың шығармалары, балаларға арналған ертегілер, «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс» эпикалық поэмалары көзге түседі. Мысалы, Абайдың екі томдық шығармалары, Ы.Алтынсариннің өлеңдер жинағы, С.Торайғыровтың толық шығармалар жинағы,
М.Әуезовтың пьесалары, А.Пушкиннің таңдамалы шығармалар жинағы бар. Оған қоса көрмеге «Ауыл мұғалімі», «Жаңа мектеп», «Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство» секілді мерзімді басылымдар да қойылған

«Латын» жылжымалы экспедициялық көрмесі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осы жылдың 28 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

 

 

 

Лəззат Салауатқызы,

«Білім айнасы»,Орал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.