Ақпан айының 28 жұлдызында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Үздік тарихшы-2019» байқауының соңғы кезеңі өткізілді. Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМу тарих факультеті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен бұл шара биыл 3 жыл қатарынан өткізіліп отыр. Екі күнге созылған шараның негізгі мақсаты: қатысушыларымыздың инновациялық тәжірибесіне баға беру, оқушыларға білім беруде және тәрбиелеудегі пәндік әдістемені зерделеу, ...
Толығырақ »Tag Archives: Ербол ЕРБОЛАТ
Білім саласының үздігі
«Өмірде осындай ұстаз болып қалыптасуыма, жетістіктерге жетуіме әкемнің үлесі мол. Әкеміз өте білімді, ізденімпаз адам болатын. Сонда бізге: «Жаныңдағы адамдарға кеңпейіл, мейірімді болыңдар. Барлығына қол ұшыңды созып, жақсылық істеңдер. Күнде кешке бүгінгі істеген ісіңе өз-өздеріңе есеп беріп үйреніңдер» деп үйретті. Бүгін де біз әкеміздің айтқан ақылын қаперімізден шығармай орындап келеміз» дейді Рабиға ұстаз. Ұстаздар әулетінде дүниеге келіп, ұстаздық жолды жалғап ...
Толығырақ »Шакирова Дина Караевна
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы, білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы. Бала тәрбиенің сан-саласына, ойының терең бойлауына бастайтын, таным-түсініңгінің қалыптасуына – бастауыш сыныптың маңызы зор. «Қазір барлығы білімде! Алдыма келген шәкірттеріме білім нәрімен сусындатып, білім айдынында еркін жүзу үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын» — деген ұстанымды берік ұстанған бүгінгі кейіпкеріміз Шакирова Дина Караевна жайлы сөз қозғаймыз. Дина Караевна ...
Толығырақ »Шәкірт жүрегіне жол тапқан
Ұстаз – ұлы есім. Шәкірттеріне білім нәрін сеуіп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, дұрыс бағыт-бағдар беруде ұстаздың орны бір бөлек. Бүгін де шәкірттеріне сабақ беріп қан қоймай, шынайылық пен еңбек сүйгіштікке баулып, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаз – Қалижанова Балдырған Райхановна. Балдырған Райхановна 1962 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылында (бұрынғы Қоңырат совхозы) дүниеге келген. Әкесі Қалижанов Райхан ...
Толығырақ »Жүйріктен жүйрік озар…
Балқаш қаласы «Жұлдыз» балабақшасында жас мамандар арасында өткен «Үздік педагог» атты сайысында бағын сынап, әріптестерінен оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлаған жеңімпазымыз – Марат Лиана Бекзатқызы. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, шын мықтыны анықтайтын жүйріктер додасында жеңіске жеткен жас маманымыз жайлы сөз етпекпіз. Лиана Бекзатқызы 1994 жылы ақпан айының 27 жұлдызында Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Әкесі Омаров Бекзат ...
Толығырақ »Қылқаламды серік еткен…
«Суретші болу – менің бала кезден бергі арманым. Өзімді арманыма жеткен жандардың бірімін деп айтсам артық етпес. Қазіргі таңда мамандығым бойынша жұмыс істесем, тапсырыспен майлы бояулар арқылы сурет салып, қосымша табыс та табамын» — деп, сөз басын бастаған Алибаева Гулхайр Сиязовнамен әңгімелесе кабинетіне қарай бет алдық. Кабинетінің артқы жағындағы сөрелерде тұрған жұмыстарды көріп, ерекше әсер алдым. Майлы бояулармен салынған қаламыздың ...
Толығырақ »Білім беру үздігі
Отбасының берген тәбиесінен кейін тәрбиешілер қауымының атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр әрі жауапты іс. Осы жолда сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, ата-анасындай бауырына басып, еркелігін көтеріп жүрген тұлғаның бірі – Наменгенова Гульнара Айтбековна. Гульнара Айтбековна 1963 жылы сәуір айының 30 жұлдызында Қарағанды облысы Ағадыр ауданына қарасты Ақшатау посёлкасында дүниеге келген. Әкесі Айтбек Шайқыұлы Балқаш қаласындағы «Балық өндіру және бақылау ...
Толығырақ »Ұлт ұстазы
Қаншама жыл шәкірттерімен қатар білім саласының ыстығы мен суығын бірге көріп, қоғамға үлесін тигізген ұстаздарымыздың еңбегінің еш кетпейтіні анық. Бойындағы бар күш-жігерін, жүректегі жан жылуын шәкірттерінің білімі мен тәліміне арнаған ұстаздар қауымының қоғамдық ортада жұлдызы жанып, еңбегі еленер шағы болады. Міне, бүгін де еңбегінің жемісін көріп отырған ұстаздарымыздың бірі – Тамабекова Несипжан Курманбековна. Несипжан Курманбековна 1961 жылдың 23 ...
Толығырақ »Тәрбие тал бесіктен!
Бала – біреудің өсіріп отырған бәйтерегі, еліміздің байрағын желбірететін келешек азамат, келешек тұлға. Отбасының берген тәбиесінен кейін тәрбиешілер қауымының атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр әрі жауапты іс. Осы жолда сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, ата-анасындай бауырына басып, еркелігін көтеріп жүрген тұлғаның бірі – Абдырахманова Айман Қойшыбекқызы. Әкесі мен анасы 7 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген, алтын құрсақты ана. «Әкеміз ...
Толығырақ »Ұстаз биігі
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей түседі. Қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп грек философы Сократ бекер айтпаса керек-ті. Шәкірттеріне білгенін үйретіп, тұлға болып қалыптасуына жол нұсқайтын ұстаздың орны бір бөлек. «Өзімнің білімімді жетілдіре отырып, оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілетін арттыру» — деген ұстанымын өзіне тірек еткен кейіпкеріміз — Зекенова Айым Ырымғалиевна. Айым Ырымғалиевна ...
Толығырақ »