Home » Tag Archives: БҚО білім басқармасы

Tag Archives: БҚО білім басқармасы

БҚО бойынша  «Алтын белгіге» 430 оқушы үміткер

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 430 оқу озаты үміткер болып отыр. Биыл 11 (12)-сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым ...

Толығырақ »

«Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе»

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы осындай тақырыпта республикалық вебинар ұйымдастырды. Вебинар жұмысына облыстық білім беруді дамыту орталықтарының (әдістемелік кабинет), «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Орал қаласы филиалының қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 250-ден аса педагог қатысты. Еліміздің Алматы, Шымкент қалаларымен қоса тоғыз облыстан 136 жұмыс түсіп, сарапшылар отырысының шешімімен 36-сы ...

Толығырақ »

Батысқазақстандық қос педагог ақшалай сыйлықты иеленді

Жуырда «Bilim Land» ЖШС ұйымдастырған «Үздік жаңашыл тəрбиеші» республикалық байқауында батысқазақстандық бөбекжай тәрбиешілері үздік нәтиже көрсетті. Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың тəрбиеші, əдіскер, педагогтері жəне пəн мұғалімдері арасындағы сайыстың мақсаты – АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту, www.BilimKids.kz сервисі мен www.OnlineBalbaqsha.kz қашықтан оқыту технологияларының көмегімен мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру сапасын арттыру. Байқау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы «Балдәурен» бөбекжайының ...

Толығырақ »

Оралдық Райгүл ұстаздың жеңісі

Оралдық Райгүл ұстаздың жеңісі   Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының туризм үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Райгүл Әлмұханова «Алтын жүрек» әйел педагогтердің байқауында ІІІ орын иеленді. Райгүл Сағынғалиқызының мектеп оқушыларымен түсірген ашық сабағы республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар арасында үздік деп танылған. Нәтижесінде «Алтын ...

Толығырақ »

Балғын биологтар сайысы

Балғын биологтар сайысыБатыс Қазақстан облысында 9-10-сынып оқушылары арасында өткен «Биологиялық білім әлемінде» қашықтық байқауында Сәнді Нурумова мен Алуа Орасай үздік нәтиже көрсетті. Байқауды оқушылардың биология  пәніне қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрету, ойлау қабілетін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, таланттыларды анықтау мақсатында «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. 35 оқушы қатысқан білім додасы қашықтықтан бейнебақылау арқылы Zoom платформасымен ...

Толығырақ »

Адал бол!

Батыс Қазақстан облысында осындай атаумен челлендж-байқау бастау алды. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру. Байқауға 12 аудан мен Орал қаласы мектептерінің, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары 45 жұмыс ұсынды. Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша  «Жақсы іс», ...

Толығырақ »

БҚО-да ҰБТ-ға дайындық басталды

Облысымызда 2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мектеп түлектеріне ҰБТ-ға дайындық жұмысына арналған Online  консультациялар жүргізілуде.   Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес білім сапасын көтеру, оқушылардың бағдарламадан артта қалу деңгейін теңестіру мақсатындағы жұмыстарды Білім беруді дамыту орталығы ұйымдастыруда. Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған Online сабақтар дүйсенбі- сенбі күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өткізіліп, оған 5626 оқушы қатысып, білімдерін шыңдауда. Оқушыларға ...

Толығырақ »

Жеке ұйымдардың педагогтеріне арналды

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 4 ақпан күні «Мектеп  жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі» тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған семинар өтті. Семинар жұмысы барысында Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар» бөбекжайларының іс-тәжірибелері ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, ...

Толығырақ »