Home » Жаңалықтар » Батысқазақстандық қос педагог ақшалай сыйлықты иеленді

Батысқазақстандық қос педагог ақшалай сыйлықты иеленді

Жуырда «Bilim Land» ЖШС ұйымдастырған «Үздік жаңашыл тəрбиеші» республикалық байқауында батысқазақстандық бөбекжай тәрбиешілері үздік нәтиже көрсетті.

Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың тəрбиеші, əдіскер, педагогтері жəне пəн мұғалімдері арасындағы сайыстың мақсаты – АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту, www.BilimKids.kz сервисі мен www.OnlineBalbaqsha.kz қашықтан оқыту технологияларының көмегімен мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру сапасын арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы «Балдәурен» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Чукина жеңімпаз атанып,  500 мың теңгелей ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал  Жаңақала ауданы Жаңақала балалар бөбекжайының тәрбиешісі Нұрайна Махамбетова 3-орынды жеңіп алып, 200 мың теңгелей ақшалай сыйлықты иеленді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.