Home » Жаңалықтар » «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе»

«Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе»

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы осындай тақырыпта республикалық вебинар ұйымдастырды.

Вебинар жұмысына облыстық білім беруді дамыту орталықтарының (әдістемелік кабинет), «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Орал қаласы филиалының қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 250-ден аса педагог қатысты.

Еліміздің Алматы, Шымкент қалаларымен қоса тоғыз облыстан 136 жұмыс түсіп, сарапшылар отырысының шешімімен 36-сы пленарлық және секциялық отырыстарға ұсынылды. Вебинар барысында техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдықтар, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың замануи тенденциялары, әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынас, дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсіби бағдар беру, цифрландыру және білім беру үрдісіндегі қашықтан оқыту форматтарының ұйымдастырылуы бойынша спикерлер өз ойларымен бөлісіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға қатысушылардың материалдары жинаққа енгізілетін болады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.