Home » Мақалалар » Балғын биологтар сайысы

Балғын биологтар сайысы

Балғын биологтар сайысыБатыс Қазақстан облысында 9-10-сынып оқушылары арасында өткен «Биологиялық білім әлемінде» қашықтық байқауында Сәнді Нурумова мен Алуа Орасай үздік нәтиже көрсетті.

Байқауды оқушылардың биология  пәніне қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрету, ойлау қабілетін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, таланттыларды анықтау мақсатында «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды.

35 оқушы қатысқан білім додасы қашықтықтан бейнебақылау арқылы Zoom платформасымен өткізілді. Сайыс эссе жазу, «Бинго» ойыны,  логикалық тапсырмалар сынды үш айналымнан тұрды. Оқушылар бірінші кезең бойынша эссе жазса, екінші кезеңде тест-тапсырмалар орындап, үшінші кезеңде биология пәні бойынша қызықты тапсырмалар, ғылыми идеяның тарихына және ғалымдардың өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде Тасқала ауданындағы  «Сәулет» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Сәнді Нурумова мен Ақжайық ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Алуа Орасай жеңімпаз атанды.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.