Home » Жаңалықтар » Адал бол!

Адал бол!

Батыс Қазақстан облысында осындай атаумен челлендж-байқау бастау алды.

Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру. Байқауға 12 аудан мен Орал қаласы мектептерінің, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары 45 жұмыс ұсынды.

Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша  «Жақсы іс», «Адал жан» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.