«Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы» Н.Назарбаев. Туған тілдің абыройын асқақтату әрбір адамзаттың қасиетті борышы. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек байлық қана емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл татулық пен ...
Толығырақ »Эссе
Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
«Әр елдің салты басқа» демекші, жер бетінде қанша ұлт болса, сонша түрлі мәдениет, салт-дәстүр, наным-сенім бар. Сондықтан әрбір турист саяхатқа шықпас бұрын, өзінің баратын елінің ережесін, әдеп-ғұрыптарын зерттеуден өткізгені жөн. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті деп ойлаймын. Себебі бөгде елде ыңғайсыз жағдайларға қалмау үшін, ол елдің салттарын, жергілікті заңдарды білуіңіз керек. Қайда барсаңыз, өз еліңіздің Ата заңы сізбен ...
Толығырақ »Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Кино – көркем өнер. Ол әр түрлі шытырман оқиғаға, тартысқа құрылады. Көгілдір экраннан көрсететін фильмдерді бірден миллиондаған адамдар тамашалайды. Кино миллиондаған адамдарға ой салып, тәрбиелейді, өмір мəселелерін талдатады, одан қорытынды жасатады. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізе ме? Әрине тигізеді деп ойлаймын. Кино арқылы әрбір ұлттың имиджі қалыптасады. Мысалы, түсірген фильмдеріне қарап-ақ, үнділердің махаббатқа адалдығын, көршілес өзбек еліннің туындыларын көріп, олардың ...
Толығырақ »Жасай бер, менің Астанам!
Елбасы тілегі, Елімнің жүрегі. Жасанған елорда Туған жер тірегі. Мен осындай әдемі өлеңмен ару Астанамды мақтанышпен айтқым келеді. Себебі, ерке Есілдің жағасынан бой көтерген айбынды Астанамызда көптеген сәулетті биік ғимараттар бар. Айтар болсам, Ақорда, Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Хан Шатыр, Мега ойын- сауда орталығы және тағы басқа көрікті жерлер қаламызға сән беріп тұр. Мен әсем қаламның ...
Толығырақ »Достық дегеніміз не?
Адамдар бір-біріне адал қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді. Айнымас досы бар адам ең бақытты адам дегендей әр адамның досы болуы керек және ол жан досымен көп арласып тұруы қажет. Қазақ халқында мынандай мақал бар «Жүз теңгең ...
Толығырақ »Ұлы Жеңіс
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 72 жыл бұрын тарихта ең сұрапыл, жойқын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғысына 6 континенттің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылы 9 мамыр күні – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтады. Міне, Ұлы ...
Толығырақ »Туған жер
Менің туған жерім, Отаным – Қазақстан Республикасы. Әр адамның өз туған жері, кіндік тамған жері болады. Біздің еліміз бақытты, осындай кең байтақ жеріміз бар. Менің туған жерімде көптеген жер байлықтары, өзен, көлдер, таулары керемет халқы бар. Қазақ халқы туған жерін қашанда ардақтап отырған, «Кіндік қаным тамған жер», «Туған – жерім тұғырым» деп мәтелге айналдырған. Атақты Бейбарыс сұлтан жас кезінде тұтқынға ...
Толығырақ »Майданнан хат
Ұлы Отан соғысы… Қаншама біздің ата-әжелеріміз болашақ үшін жанын салып күресті. Сол кездерде аналарымыз «осы соғыс тезірек аяқталып, балаларым мен күйеуім аман-есен оралса екен»-деп күн-түні Жаратқанға жалынып, көз ілдіре алмай, қаншама балалар әкесінің тезірек үйге келгенін тілеп жылағандағы көз жасы… Мұның барлығын – барлығын еске алудың өзі біз үшін қиын. Осы соғыстың кесірінен көптеген адамдар өздерінің жақындарынан айырылып, қара жамылды. ...
Толығырақ »40- жылдардағы келіншектер
Отанға, отбасына түскен ауыртпалық әрқашанда ең алдымен аналардың қабырғасын қайыстырды, жүрегін ауыртты. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда да, тылда да ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен арулар туралы деректер мен дәйектер, ел арасында өте көп. Ұлы Отан соғысы біздің аналарымыздың қайтпас қайсарлығын тағы да паш етті. Жалпы қазақ келіншектерінің қайсарлығы туралы аңыз да, әңгіме де тарихтан бағзы заманнан белгілі. Қанға сіңген қасиетті ...
Толығырақ »Соғыс жылдарындағы балалар
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, ...
Толығырақ »