Home » Жас қалам » Майданнан хат

Майданнан хат

Ұлы Отан соғысы… Қаншама біздің ата-әжелеріміз болашақ үшін жанын салып күресті. Сол кездерде аналарымыз «осы соғыс тезірек аяқталып, балаларым мен күйеуім аман-есен оралса екен»-деп күн-түні Жаратқанға жалынып, көз ілдіре алмай, қаншама балалар әкесінің тезірек үйге келгенін тілеп жылағандағы көз жасы… Мұның барлығын – барлығын  еске алудың өзі біз үшін қиын.

Осы соғыстың кесірінен көптеген адамдар өздерінің жақындарынан айырылып, қара жамылды. Кейбір адамдар іс-түссіз жоғалып, хабарсыз кетті. Осы хабарсыз кеткен жандардың бірі – менің атам руы Шеркеш Нұрлыбай Кемалиұлы. 1941-жылы үш ағайынды Нұрлыбай, Мұқажан, Төлеген есімді аталарым соғысқа кеткен. Солардың ішінен қайтып келгені тек Төлеген атам болды. Ал, Нұрлыбай мен Мұқажан атам іс- түссіз жоғалып кетті.1942-жылдың қыркүйек айында Нұрлыбай атамның жоғалып кеткені жөніндепропал без вести) хат келді. Соңғы хатында «Сталинград түбінде шайқасқа кіргелі тұрмыз. Алла амандығын берсе, жолығармыз. Ізбайда саған анам, бала-шағам аманат. Сен мықты жансың.»-деген жан толқытар сөздерін Асыл әжеміз сағынышпен айтып отыратын. Содан бері атамызды әлі күнге іздеу үстіндеміз. Артында үш баласы мен әйелі қалды. Руы Жаңай Ізбайда Бағдабайқызы тылда жұмыс істеген. Тылда ауыл шаруашылығы бойынша колхоздың сиыр бағу жұмысымен айналысқан, күн-түн демей еңбек еткен. Жастық ғұмырын зұлмат соғыстың қасіретіне арнаған, уақыт сондай жандардың өмірін қайғы мен сағынышқа толтырған майдан жылдары – біздерге ата-баба рухының құдіретін сезініп, Отан деген сөздің мәнін терең түсіну үшін де үлкен құрмет. Қайран 40-жылдар келіншектері….. Ертеңгі күнге деген талпыныс, балаға, отбасына деген құдірет күштерді қайдан ғана алды екен…..

Қазіргі таңда Ізбайда әжемнің туылғанына 100 жыл (1917- 2017) болды. Осындай қайсар Ананың ұрпағы болу — мен үшін мақтаныш!

Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір азамат біз үшін батырға тең. Себебі, олар өздерінің елі үшін, жері үшін шайқасты, жанын берді. Ешқашанда жауынгерлер ерлігі мен еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Қазіргі таңда осы адамдардың арқасында біз бақыттымыз!!!

Оңайбаева Жансая

Жаңаөзен мектеп-лицейінің

11 «Ә»-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.