Home » Эссе » Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

«Әр елдің салты басқа» демекші, жер бетінде қанша ұлт болса, сонша түрлі мәдениет, салт-дәстүр, наным-сенім бар. Сондықтан әрбір турист саяхатқа шықпас бұрын, өзінің баратын елінің ережесін, әдеп-ғұрыптарын зерттеуден өткізгені жөн.

Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті деп ойлаймын. Себебі бөгде елде ыңғайсыз жағдайларға қалмау үшін, ол елдің салттарын, жергілікті заңдарды білуіңіз керек. Қайда барсаңыз, өз еліңіздің Ата заңы сізбен бірге саяхаттайды деп ойламаңыз. Әр елдің тыйым салу түрлері де қызық әрі таңқаларлық.  Мәселен, Дубай көшелерінде ішімдік ішіп, Сингапурде сағыз шайнауға тыйым салынған. Сауд Арабиясы, Иран елдері аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аударған жөн. Әйел адамның киімі кең, қарапайым болу керек. Онда әйел адамдарға ашық киіммен және бас орамалсыз жүруге болмайды. Сонымен қатар, мұсылмандарға спирттік өнімдерді, доңыз терісінен жасалған заттарды сыйға тартпаңыз. Өйткені ислам дінінде аталған өнімдерге тыйым салынған.

Тағы айта кететін жайт, саяхатшылар гүл сыйламас бұрын жергілікті тұрғындардың пікірлерімен санасып, қанша тал гүл, қандай гүл сыйлауға болатындығын ақылдасқаны дұрыс. Мәселен, Германия, Швеция, Польшада қалампыр гүлін тек жерлеу рәсіміне алып келеді. Чили мен Мексикада сары гүлдер қайғыны білдіреді. Қытайда, Индонезияда тақ санды гүл беруге болмайды. Ал, Ресей, Үндістан, Түркия, Германия сияқты елдерде керсінше, гүлді тақ етіп сыйлайды. Сонымен қатар, Қытайда үйге бірінші рет келгенде, гүл алып келуге болмайды. Бұл олардың үйі көрікті емес, әрлеу керек дегенді білдіреді. Қытайда тірі гүлдерді сыйламайды. Бұл – өлім белгісі. Көбіне жасанды гүлдер сыйлайды. Сондай-ақ, Қытайда біреудің үйіне қонаққа барғанда тамақты шылпылдатып жеу керек. Әйтпесе, үй иесі сізге тамақ ұнамай қалды деп ойлайды. Қытайда тамақты дыбыссыз жеу – үй иесіне деген балағат деп есептеледі. Ал соус төгілген дастарқан – тәбітіңіздің жақсы екенін, тағамға деген жоғары талғамыңызды көрсетеді. Ал бұл әдеттер біздің елде оғаш қылық болып саналады.

Сонымен, саяхатшылар өзі барған елдерінің салт-дәстүрін, заңдарын сақтауы тиіс. Бұл ол елге деген құрметті білдіреді. Қай елге, қайда баратыныңызды ғаламтор, туристік фирмалар арқылы білгеніңіз жөн. Себебі барлық елде тыныштық орнамаған.

Дәулеткелдіқызы Фатима

ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.