Home » Поэзия (page 8)

Поэзия

Батыр атама

Асынып қару белінде, Батыр атам тегінде. Фашистермен шайқасты, Соғыстың алғы шебінде.   Қайтпай беті жол алды, Ел қолдады оларды. Жауды қуып жерімнен, Жеңіспенен оралды.   Өтті мұңды ,шерлі күн, Көрсетті батыр ерлігін. Біз бақытты ұрпағы, Мақтан етем мен бүгін.   Ержүрек отты көзінде, Даналық кемел сөзінде. Атама алғыс айтамыз, Қуанышты сезімде.   Кенжебаев Мадияр Жанатұлы №3 гимназия

Толығырақ »

Шабытыма арнау

Шабытым тартса егер қиялды асып, Алынбайтын асу жоқтай көрінеді. Көңілімді бір сәт кезіп, ұяң басып, Жүрегімнен отты сөздер төгіледі.   Шабытыма тұсау қоймай, бос жібердім, Үзілгендей аспабымның қос ішегі. Зарлана да, қомдана да шарқ ұрады, Еске алып өткен күнді бір кешегі.   Кешегі өткен күнім, естеліктер, Бүгінгі күн, еске алып ғана отыратын. Күндерім көп, санай берсем бір жинақтап, Бір том ...

Толығырақ »

Қазақстаным – Отаным

Қазақстан — сен неткен сүйікті едің, Сені ойласам шаттандым, биіктедім. Кіндік кескен жерді де, туған елді Бәрін-бәрін сен үшін қиып келдім.   Кедергіге жолықты әр қадамым, Шалдықпадым сонда да шаршамадым. Бір шетіңе аяқты басу үшін, Қанша жүгін өмірдің арқаладым.   Ұл-қызымды алып келдім Керегіңе болсын деп. Жүрегімді алып келдім Сені сүйіп қансын деп Сен үшін жансын деп Білгімді алып келдім ...

Толығырақ »

Қазақстан

Мақтан, қуан, о қазағым, Күнің келді, сенің де. Талай жасың танылдырды, Қазақ атын әлемге. Өз ұлдарың, өз қыздарың, Көк байрағын елімнің, Желбіретті бар халықтың, Арасында биікке. Тек биікке, биік самға, Қазақстан ұлы елім. Сенен қуат аламызғой, Талай жас пен кәріміз. Өзіңменен дос болуда, Барша әлем бүгінде, Тамсанады олар саған, Неткен әсем ел деп шын. Мәңгілік ел болдын міне, Соны сақтай ...

Толығырақ »

Кітап туралы ой

Әкемді ажал ерте жалмапты ғой, Мұра боп жалғыз том да қалмапты ғой… Қолыма жаңа кітап алған сайын, Басыма келеді бір салмақты ой: Арқалап өткен кеше ата мұңы, Кітабын жайсаң қазақ атаулының Жетпес-ау кітапханам жартысына Тізілген өз үйімде қатар бүгін. Адамзат алдындағы ер тұлғалы Отаным! Сені ойлаймын мен туғалы. Ақырғы тыныс бітіп сөнгенде де, Кеудемде жатар кітап сен туралы. Оралхан Галымхан   ...

Толығырақ »

Кітап — біздің досымыз

Адамның досы — кітап, өмір кілті, Тең келмес оған жиған дүние мүлкі. Ақылшы, жанға серік жол бастаушы, Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. Тұрады басын құрап әріп неден, Басталған білім басы әліппеден. Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит, Оқысақ кітап сырын ашып неден. Түлекті тәрбиелер кітап — мектеп, Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. Молайтып ақылыңды сан еселеп, Береді білім нәрін кітап көптеп. ...

Толығырақ »

Джаманта мен Кішкентай пони (өмірден алынған)

Кездесіп едік жаздың біз шуақ күнінде, Қара торы бір бойжеткен жаныма менің келгенде. Қол алысып, танысып, күлімдеген жүзбенен, Есте сақтап сол сәтті, қоштасып-ек сол кезде.   Бір ай өтті, көрмедім, естімедім ол жайлы, Хабар берсем, қуанар ма? Білмедім мен мән жайды. Бір шешімге келе алмай, көп ойланып соңында Хат жаздым мен нөмірге, келгенде уақыт оңтайлы.   Бір ай өтті қызықты, ...

Толығырақ »

Атырауым

Арқалы Атыраудың  байлығысың сарқылмас Сен десе туған жерге ән мен жырым таусылмас Тұнығың терең, самалың нәзік ақ еркем, Шетке кетсем саған деген сағынышым басылмас. Қағаз бен қалам қолыма алып сыр шертем, Ақ сазан- алтын, күмісің сенің –көксеркең. Жағаңда желек, сырласып тұрған талдарың, Табиғатпенен үн қатып, көрсем үндескен. Толқыны соғып, тербеткен елдің қайығын, Айналдым сенен арудай аппақ Жайығым. Кемерің кеуіп қалмаса ...

Толығырақ »

Фаризадай қазақта қалды ма қыз? (ақынға арнау)

Өмір бір сыйлап еді ел анасын, Ерекше дүниесі қыз дарасын. Бұл жанның тазалығын көп көрді ме? Естелікке қалдырып Фаризасын. Жыры болды бірталай ақындардың, Гүлі болды ержүрек батырлардың. Сезім менен сенімнің етегінде Поэзияға ақтарды өз сырларын. Ұқсамас өзгелерге мүлде басқа Әлемі ғажайып па, әлде қас па? Сандуғаштай сайраған Фаризаны Мәңгілік неге бізге жырламасқа?! Жалғыздық жанын күйреп, қинады ма? Арқауы, сүйеніші болмады ...

Толығырақ »

Қыз — Көктем

— Маған керек! Мына жер, мына ғалам, Бусанып жатыр міне құба далам. Көкте құстар шулайды көктемдетіп, Құлағыңа жетті ме қиядағы ән. Қиядағы ән. Сағыныш! Қиқулаған. Кермиық далам жатыр жыр тыңдаған. Қаңқылдап қоңыр қаздар оралады, Мұңайтып, жирен күзде мұң сыйлаған. Қыз — Көктем, таранады тырна келіп, Қызғалдақ, жасыл белді қырға көрік. Құстардың қанатына хат байлармын, Қалқажан оқысың деп сырға берік. Керім ...

Толығырақ »