Home » Поэзия » Қыз — Көктем

Қыз — Көктем

— Маған керек! Мына жер, мына ғалам,
Бусанып жатыр міне құба далам.
Көкте құстар шулайды көктемдетіп,
Құлағыңа жетті ме қиядағы ән.

Қиядағы ән. Сағыныш! Қиқулаған.
Кермиық далам жатыр жыр тыңдаған.
Қаңқылдап қоңыр қаздар оралады,
Мұңайтып, жирен күзде мұң сыйлаған.

Қыз — Көктем, таранады тырна келіп,
Қызғалдақ, жасыл белді қырға көрік.
Құстардың қанатына хат байлармын,
Қалқажан оқысың деп сырға берік.

Керім — көктем, кел көктем, сырғалымдай,
Түлік өсіп, сен келсең қырманым бай.
Желпіндіріп, жел — көктем желік беріп,
Сен жаққа кеткім келіп тұрғанымды-ай!..

Дулат Торежанов

                             Рудный қаласы әкімдігінің

 «№19 орта мектебі»КММ

 6 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.