Home » Поэзия » Кітап туралы ой

Кітап туралы ой

Әкемді ажал ерте жалмапты ғой,
Мұра боп жалғыз том да қалмапты ғой…
Қолыма жаңа кітап алған сайын,
Басыма келеді бір салмақты ой:

Арқалап өткен кеше ата мұңы,
Кітабын жайсаң қазақ атаулының
Жетпес-ау кітапханам жартысына
Тізілген өз үйімде қатар бүгін.

Адамзат алдындағы ер тұлғалы
Отаным! Сені ойлаймын мен туғалы.
Ақырғы тыныс бітіп сөнгенде де,
Кеудемде жатар кітап сен туралы.

Оралхан Галымхан  

Рудный қаласы әкімдігінің

«№19 орта мектебі»КММ

 8«В» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.