Home » Жас қалам » Батыр атама

Батыр атама

Асынып қару белінде,

Батыр атам тегінде.

Фашистермен шайқасты,

Соғыстың алғы шебінде.

 

Қайтпай беті жол алды,

Ел қолдады оларды.

Жауды қуып жерімнен,

Жеңіспенен оралды.

 

Өтті мұңды ,шерлі күн,

Көрсетті батыр ерлігін.

Біз бақытты ұрпағы,

Мақтан етем мен бүгін.

 

Ержүрек отты көзінде,

Даналық кемел сөзінде.

Атама алғыс айтамыз,

Қуанышты сезімде.

 

Кенжебаев Мадияр Жанатұлы

№3 гимназия

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.