Өскелең ұрпақтың бойына елді құрметтеп, Отанды сүюді жалаң сөз, жалған ұраннан гөрі нақты істер арқылы баулудың маңызы зор. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиешілері осы бағытты берік ұстанып, жүйелі жұмыс жасап келеді. Жуырда олар жатақхана тәрбиеленушілері үшін салиқалы кездесу өткізіп, ерлік пен өрліктің, ұлтжандылық пен азаматтықтың кейіпкері болған жандармен еркін әңгімелесті. Мектебіміздің акт залында өткен шараға Ауған ...
Толығырақ »Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)
Имам әз-Зәһәбидің Әбу Ханифа жайында жазған еңбегі
Әз-Зәһәбидің атақты ұлы имам Әбу Ханифаның артықшылықтары мен өмір жолы жайында жазған «Мәнәқибу Әби Ханифа» атты еңбегі бұл салада жазылған еңбектермен салыстырғанда көлемі жағынан шағын болуына қарамастан өз заманында және кейінгі уақыттарда да танымал болды. Бұл кітап Әбу Ханифаның қос шәкірті Әбу Юсуф (182/798 ж.т.) және Мұхаммед әш-Шайбани (189/805 ж.ж.) жайлы ақпараттармен де толықтырылып, «Мәнәқибу Әби Ханифа уә сахибәйһи Әби ...
Толығырақ »Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, — деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. Конференцияны ұйымдастыру мен өткізуге кураторлар бірлестігі, CAS координатор, пікірталас бойынша қосымша білім беру педагогы атсалысты. Сонымен қатар, шараны техникалық (ақпараттық) қамтамасыздандырумен Халықаралық мектептің аға инженері Асылбек Баяшев айналысып, компьютерлік жабдықтау ...
Толығырақ »ЕЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мұқағали Мақатаев» ІІ Республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі жеңімпаздары атанды», — деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға арналған республикалық байқаудың басты мақсаты – мектеп және колледж оқушыларының қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау ...
Толығырақ »ЗЕРДЕЛІЛЕР МЕН ЗЕЙІНДІЛЕР «ЗЕРДЕДЕН» ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы биыл 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХV республикалық конкурсын өткізді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты байқауға Нұр-Сұлтан қаласы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) ұйымдастырылған ақтық мәресіне қатыса алмады. Дегенмен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 8 ақпан күні Нұр-Сұлтан ...
Толығырақ »ҚАРИЯ СӨЗІН ЕСТІСЕҢ – КӨЗ АШЫЛАР
Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2019-2020 оқу жылында қолға алынған «Ұрпақтар сабақтастығы» тағылымдық-тәлімдік жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға аға буын өкілдері жиі шақырылады. Даналықтың қайнар көзі қариялармен өткен басқосулардың жас зияткерлерге берері көп. Жақында Абайдың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың тұлғасы — Абай» тақырыбында ғибраты мол әңгіме-дүкен 10-сынып оқушылары үшін өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының “Құрмет” орденінің иегері, еңбек сіңірген қайраткер, ...
Толығырақ »«ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ – БІЗДІҢ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ СЕМИНАРЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп базасында Халықаралық мектеп, елордасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлесуімен «Қоғамға қызмет – басты міндет» тақырыбында тәрбие үрдісіндегі тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарға қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сонымен қатар, «Назарабаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары ...
Толығырақ »«NISMATH»: Қызылордадағы НЗМ мұғалімі Мұхтар Бегайдаров қазақ тілді математика сайтын жасап шығарды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап жасаған математикалық сайты Қазнетте танымалдылығы артуда. Бір айдың ішінде жүйеге 23 000 белсенді қолданушы тіркеліп, олар контент мазмұны мен қолжетімділігіне жоғары баға беруде. Сайт құру идеясы екі жыл бұрын пайда болған екен. Қазақ тіліндегі материалдардың жетіспеушілігін байқаған Мұхтар математика бойынша оқулықтардың электронды нұсқаларын бір веб-параққа жинақтауды қолға ...
Толығырақ »«Ел үміті» — Тұрарда
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Тұрар Кәметай І республикалық Әбіш Кекілбаев оқуларында жеңімпаз атанды. «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы ұйымдастырған байқауда шәкіртіміз «Жазушы шығармаларын жатқа оқу» аталымы бойынша үздік деп танылды. — Оқу маусымының 2-ші тоқсанында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев оқулары ...
Толығырақ »Шағын жазба – шағын уақыт
С.А Меңдібаева Қ.Е.Қасымова А.С.Ыбраш Г.Ш.Жанаева Нұр-Сұлтан қаласы , Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақ әдебиеті сабақтарында шығармашылық жұмыс мақсатын жүзеге асыруда, мұғалімдер білімі мен біліктілігінің әлеуетіне қарай тырысып жүмыс істеуде. Бұл — төменгі сыныптардан бастап, шағын ертегі, өлең шығару, ойтолғау жазу сияқты тапсырмаларды береді. Бұл – өте құптарлық іс. Мұғалім тапсырманы оқушыға бергенмен, бірнеше мәселе назарынан тыс қалады. Ол: бұл тапсырмалардың уақытша ...
Толығырақ »