Home » Жаңалықтар (page 50)

Жаңалықтар

Білім беру саласын дамытуға арналған республикалық форум  өтті

Білім саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес. Білім саласындағы оң өзгерістер мен педагог мәртебесінің артуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұйымдардың бірі «Педагогика және инженерия экологиясы ғылымдарының халықаралық академиясы» қоғамдық қорын айтуға болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Еліміздің әл-ауқаты мен білім беру саласын дамытуға көзқарас» тақырыбындағы ІІ Республикалық форум  еліміздегі педагог әйелдерге арналды. ...

Толығырақ »

Балабақша педагогтері арасында байқау өтті

«Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен шеберлік сыныптары байқауы өтті. Конкурсты  ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ұйымдастыруды. Шараның мақсаты —  мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, оларды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге баулу, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты нығайту, қазақ тілі педагогтерінің үздік тәжірбиелерін ...

Толығырақ »

Балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлік тетігі енгізіледі

Елімізде 2022 жылы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігі жаппай енгізіледі.  Мұндай тапсырманы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин берді. «Білім және ғылым министрлігі 2021 жылғы желтоқсанға дейін мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлік механизмін енгізу бойынша пилоттық жобаны аяқтасын және 2022 жылдан бастап оны жаппай енгізуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте балабақшалардың жұмысы ата-аналардың қанағаттану деңгейін, балалардың даму көрсеткіштерін, ...

Толығырақ »

Білім министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды

ҚР Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды.  Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте осылай айтылған.«Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды. Ол ұйымдарда балалар қосымша білім алып жатыр. Сондықтан шығармашылық бағытындағы үйірмеге балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар мен сонда жұмыс істейтін педагогтердің бұл мәселе төңірегіндегі алаңдаушылығын түсінуге болады. Керісінше, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын ...

Толығырақ »

800 мектеп қалай салынады?

Алдағы 5 жылға жоспарланған 800 мектетің қалай салынатыны белгілі болды. Үкімет отырсында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оның тетіктері жайлы айтып берді. «2025 жылға қарай орын тапшылығы 670 мың орынға жетеді деп болжап отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Тек қана осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті пайдалануға беру қажет. Аймақтар тиісті жоспармен қамтамасыз етілді. ...

Толығырақ »

Карантиндегі оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарлама әзірленеді

Карантин кезінде болған оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылатын болады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Үлгерім деңгейі төмен оқушыларға басымдық бере отырып, білімді қалпына келтіру шаралары жасалады. Жалпы, пандемияның салдарынан болған оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарламаны жүзеге асырамыз», деді министр. Орта білім беруде 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделген ...

Толығырақ »

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі-Асхат Аймағамбетов

Елімізде мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзіншке, бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады. Сонымен бірге енгізілетін Ваучерлік қаржыландыру тетігі де балабақшалардың бәсекелестігін арттыру арқылы білім сапасына да ...

Толығырақ »

Бұдан былай мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз-Білім министрі

Биылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни, дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша,  педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатын болады. Ол толығымен электрондық форматта жүреді. Министр педкадрларды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейтілгеніне ...

Толығырақ »

Балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі

2021 жылдың 1 мамырынанбастап балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Спортпен айналысу қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік спорттық тапсырыс енгізіледі. Жаңа әдіс спорт секциялары тапшылығы проблемасын шешуге және жеке секторды тарту есебінен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ...

Толығырақ »

Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ мектептерде міндетті сабақ ретінде өткізілмек

Еліміздегі орта мектептерде «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірлеп жатыр. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Балалардың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу де оң әсерін тигізбек. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық атуды» алдағы уақытта дене шынықтыру ...

Толығырақ »