Home » Білім және заң » Бұдан былай мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз-Білім министрі

Бұдан былай мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз-Білім министрі

Биылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни, дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі мәлімдеді.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша,  педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатын болады. Ол толығымен электрондық форматта жүреді.

Министр педкадрларды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейтілгеніне тоқталды. «Осы педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті баллы 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Ал, осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтерге стипендия мөлшері 42 мың теңгеге дейін артты, яғни олар ең үлкен стипендияны алып отыр. Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы. Осының бәрі оң нәтиже беруде. Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің қатары екі есеге жуық ұлғаюда, ал осы мамандыққа түскендердің орташа баллы 60 балдан 90 балға дейін жеткен. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз ету бойынша жақсы көрсеткіш. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыратыны сөзсіз.  Осы реформаның оң нәтижесі қазірдің өзінде анық көрінеді  деп толығымен айтуға болады», деп атап көрсметті Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңның аясында педагогтердің еңбек жағдайы жақсартылуда. Педагогтерге тән емес функцияларды және көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Педагогтер бүгінде тек 2 құжат толтыруы керек: электрондық журнал және оқу жоспары. Сонымен қатар барлық облыста педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашылады. Ал 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Осының барлығы мектептерді кадрлармен толық жабдықтауға мүмкіндік береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.