Home » Жаңалықтар (page 277)

Жаңалықтар

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

       Осы ұранмен Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған жастардың VI форумы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жыл сайын өткізілетін бұл форумның мақсаты патриотизм мен төзімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында қолжеткізген жетістіктерді насихаттау болып табылды. Аталған іс-шараға Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы, аудандық мәслихат хатшылары мен ...

Толығырақ »

Болашақ әлем-ғажайып әлем

      Алматы қаласы, Жетісу аудандық № 61 балабақшада «Болашақ әлем- ғажайып әлем» атты іс-шара өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде ересек орыс «Лучик» тобының қатысуымен қойылымдар көрсетілді. Іс-шараға сай киім үлгісімен шыққан балақайлардың дайындығы жоғары екені көрініп тұрды. Еліміздің әдебиетін, мәдениетін дәріптейтін іс-шара балаларды жасынан патриоттыққа тәрбиелеуге шақырады. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық аспаптары мен ойындарына тоқталды. ...

Толығырақ »

Жаңа мектептің жаңашыл ұстаздары

 Ұстаз аты ардақты әрқашанда, Білім нәрін сусындатар басты тұлға. Жаңа ғасыр шәкіртін тәрбиелейді, Ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ғана.   Тәй-тәй басқан бұл мектептің жас қадамы, Асқақтады, өрледі, шыңға шықты. Ұшып қияға түлектері қанат қағып, Жетістікпен көзге түсті абыройлы.   Өскелең ұрпағыңды тәрбиелейді, Бар біліммен сусындатып әлдилейді. Оқу менен тәрбие мәселесін, Алға қойып, биік шыңға жетелейді.   Меңгерді ғылымды да, техниканы, Үлес ...

Толығырақ »

Мерекеге тарту

Тұңғыш Президент Күніне орай Павлодар облысы Шарбақты  ауданында «Балдәурен» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев арнайы келіп қатысты. Орталық павлодардық құрылыс компаниялары бірінің арқасында ғимараты қалыпқа келтіріліп, мекеме іші бүлдіршіндердің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып отыр. «Балдәурен» бөбектер балабақшасының басшысы Айжан Қайырбаева  бұл жерде бұрын балабақша, кейін кітапхана болып, күрделі жөндеудің ...

Толығырақ »

Бақшадағы мереке

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Павлодар қаласының барлық білім-тәрбие ошақтарында көптеген тәрбие сағаттары өтті. №120 балабақшасында тәрбие-тәлімдік мәні зор шара осының негізінде болды. Орталық тәрбиешілері жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын, ерен еңбегі, тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Балабақша басшысы Айгүл Мақанның айтуынша: «Елбасының өзінің өмір жолынан алынған үлгі боларлық сәттерін ...

Толығырақ »

Рухани жаңғыру – ата дәстүрді қолдау!

Рухани жаңғыру «болашаққа бағдар» жобасы аясында  Кеше, Ақсу қаласындағы №2 бөбектер бақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру «болашаққа бағдар» жобасы шеңберінде тағылымға толы ертеңгілік өтті. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ортаңғы «А» тобының тәрбиешілері: Анар Еденова, Жанар Садуакасова және ән-күй жетекшісі Гүлмира Жунисованың ұйымдастыруымен өткен маңызы мен мағынасы зор айтулы іс-шараға Ақсу қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты

Қызылорда оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты өтті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп 2017 жылғы 24 қарашада өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір аясында «НАРХОЗ» университетінің басшылығымен еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасын өткізу бастамасы ...

Толығырақ »

Ұлт мақтанышы – Елбасы

Көкшетаулықтар Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді бастап кетті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атап айтқанда, 16 қараша күні «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты авторлық әндердің кеші өткізілген. Конкурста көкшетаулық композиторлар –  Құмарбек Қалқатаевтың, Ерлан Ташевтың, Ақбай Беймолдина мен Жанатқазы Дәмелқазының «Қазақстан», «Отан», «Жаса, жайна, Астана», «Сүйікті ...

Толығырақ »

«Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді

2017 жылғы 29 қарашада сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Қоғамның бұл жоғары марапаты жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосқан еліміздің, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтарына табысталады. Атап айтқанда, ол қоғамдық негізде қазақ тілін БАҚ, әдебиет пен өнер саласында насихаттаушыларға, Қазақстанда және шетелде ...

Толығырақ »

Әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері

  27 қарашада Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысты. Жобаның жетекшісі және кітап авторы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы, ...

Толығырақ »