Home » Жаңалықтар » Ұлт мақтанышы – Елбасы

Ұлт мақтанышы – Елбасы

Көкшетаулықтар Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді бастап кетті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, 16 қараша күні «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты авторлық әндердің кеші өткізілген. Конкурста көкшетаулық композиторлар –  Құмарбек Қалқатаевтың, Ерлан Ташевтың, Ақбай Беймолдина мен Жанатқазы Дәмелқазының «Қазақстан», «Отан», «Жаса, жайна, Астана», «Сүйікті Көкшетауым» сияқты әндері шырқалған. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталған.

Ал 17 қарашада «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Мұнда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Күләш Нысанбек гран при иегері атанды.

Сондай-ақ, қалалық кітапханада «Тәуелсіз Ұлт көшбасшысы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылған. Мерекенің басты мақсаты —      патриотизмді қалыптастыру, мәдениетке, өткен тарих пен қазақ халқының мұрасына құрмет пен қызығушылықты ояту. Мұнда «Бұлақ» клубының мүшелері, №22 мектептің 5 «а» сынып оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Атап өту керек, іс-шара барысында бейнефильмдер, «Н.Ә. Назарбаевтың өмір хронологиясы» слайды көрсетілген және де «Ұлт Көшбасшысы» кітаптар мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылған.

«Менің Қазақстаным» рельефтік композициясының маңында 28 қараша күні «Ұлт мақтанышы — Елбасы» патриоттық акциясы өтті. Елбасы күнін мерекелеуге арналған салтанатты рәсімге қаланың еңбек ұжымдарының өкілдері, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ЖОО-ның студенттері қатысқан. Ал, іс-шараға КТИ курсанттары, Көкшетаудың шығармашылық ұжымдары: «Асыл мұра» би ансамблі, «Арай» халықтық ансамблі, «Арна», «Бурабай» колледждері мен №14, №21 мектептерінің би ұжымдары қатысты.

 Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.