Home » Жаңалықтар » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты

Қызылорда оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп 2017 жылғы 24 қарашада өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір аясында «НАРХОЗ» университетінің басшылығымен еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасын өткізу бастамасы жарияланып, қолдау тапқан болатын.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылғы 29 қарашада сағат 11.00-де облыстағы барлық білім беру ұйымдарының оқытушы құрамы мен студенттердің және мектептердің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» өтті.

Аталған бірыңғай сағат 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында жүргізілді.

Бірыңғай сағаттар он-лайн түрде өткізіліп, әлеуметтік желілерде көрермендерге ұсынылды. Бірыңғай сағат қорытындысында оқушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға арналған өз Үндеулерін жариялады.

Қызылорда облысының Білім басқармасының Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.