Home » Жаңалықтар » Ауқымы кең, тағылымы мол семинар

Ауқымы кең, тағылымы мол семинар

Бүгін, 27-қазан күні, ОҚО Арыс қаласындағы нөмірі 32-ші Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында ЖОО-мен мектептің ынтымақтастығы», «Жаңартылған оқу бағдарламасының ену жағдайы, ондағы өзгерістер» тақырыбы бойынша аудан көлемінде семинар өтті.

Аталған семинарды Орталық Азия университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан Білім Озаты, Ресей Федерациясының Ғылым және Білім қайраткері және профессоры К.Д. Ушинский атындағы алтын медаль иегері Тәңірбергенова Динар Тәңірбергенқызы мен 2007 жылғы ҚР «ЖОО-ның үздік оқытушысы», ҚР Биолог пәнінен жәңа буын оқулықтарының авторы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан Білім Озаты, Д.Б. Байсейт — РҺД докторы, Д.О. Қалиев — МГТУ ректоры, РҺД докторанты Қисымова Әлима Қисымқызы келіп өткізді.

Жалпы 150-ге жуық мектеп басшылары мен педагогтар қатысып, Блум таксаномиясы бойынша білім алды. Таңертеңгі 11:00 де басталған семинар Ә. Жангелдин Ж.О.М директоры Жүнісова Рахима апай мен жалпы педагогтардың сұранысы бойынша екінші тыңдалым болып, кешкі 18:00 де аяқталды.

Семинар барысында баланы еркін ұстау, бес күндік оқу кезеңінде оқушыға берілетін минут, баланың фундаментін қалаудағы педагогтің маңызы, сонымен қатар сыныптағы 25 баланың үздігін ғана бағаламай, барлығына көңіл бөлуі талап етілді. Әрі бүгінгі кітапхананың жай-күйі сөз болды. Бүгінде медиаорталыққа айналмай тұрған кітапхана жайы оқушыны қызықтырмайтынын ерекше айтып өтті.

«Иә, расында бұл – өзгеру заманы, егер біз өзгермесек тарихтың шаңына көміліп қала беретініміз белгілі. Ендеше біз білім саласын көтере білуіміз қажет» — деді Алима Қисымқызы.

Ә. Жангелдин Ж.О.М директоры Жүнісова Рахима:

— Бүгінгі лекциядан өте керемет әсер алдым. Жалпы педагогтар үшін үлкен әдістемелік көмек болды деп ойлаймын. Мен Әлима Қисымқызының әр сөзінен мотивация ала отырып, олардың қаншалықты маңызды екенін білдім.

Сөз соңында педагогтар және Рахима Жүнісова Алима Қисымқызы мен Динара Тәңірбергенқызына алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

 

Сәдібекұлы Абай

ОҚО, Арыс қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.