Home » Жаңалықтар » Алматы қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматы қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

27-қазан 2017 жылы Алматы қаласының «Ұстаздар Үйінде» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ИТжҒЖ(Г)ПО кафедра меңгерушісі «Көптілді білім беру: біліктілікті арттыру жүйесінде тілдерді күндізгі-қашықтықтан оқыту форматы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д. Садуақасова Раиса Аждарқызы ашты. Ол өз сөзінде серіктестері: Француз альянсы, Британ Кеңесі, АҚШ, Германия елшілігі,»Әл-Рамин» және ЕҚЫҰ-ның өкілдігі атынан келген өңірлік сарапшы А. П. Стояноваларға бүгінгі шараға ынтымақтастықпен келгендері үшін алғысын білдірді. «Тіл саясаты – елдің қазіргі жағдайы мен болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ал, Қазақстанда енгізіліп жатқан көптілді білім беру бағдарламасы бірегей бағдарлама десек, бір мезгілде үш тілді оқытатын өзге де батыс бағдарламаларына ұқсастығы бола тұра ұлттық мектептерде оқытылатын тілді қоссақ төрт тіл. Осыған орай, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ролі де арта тусуде, — деп атап өтті Р. Садвакасова.

Іс-шара барысында мынадай мәселелер қарастырылады:

— күндізгі және қашықтықтан оқытуда маңызды болған педагогикалық ұстанымдар;

— біліктілікті арттыру жүйесінде тілдерді қашықтықтан оқытуды қолдану стратегиялары;

— «Шетел тілдерін үйретуде аралас оқыту технологиясын қолданудың өзекті мәселелері (Blended Learning),

— «Көптілді білім беру жағдайында ағылшын тілін оқытуда күндізгі-қашықтықтан оқытудың тиімділігі»;

— «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту»;

-«Ұлттық мектептерде көптілді білім беруді дамыту».

Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ИТжҒЖ(Г)ПО кафедрасының аға оқытушысы, Британдық Кеңестің штаттан тыс тренері Л. Петрова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары, п.ғ.к., доцент И. Халитова, ОАББ АҰБК ЕҚЫҰ аймақтық сарапшысы А. Стоянова, А. Розыбакиев атындағы №153 МГ директоры, Алматы қ. Маслихат депутаты, ҚР халқы Ассамблеясының мүшесі, Әуезов ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі, ұйғыр тілінде оқытатын мектептер Ассоциациясының төрағасы Ш. Умаров, Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы К. Абдиманапова, Француз Альянсының директоры Ж. Конаева, АҚШ елшілігінің мәдениет бойынша атташенің көмекшісі Р. Ахметова, Қазақстандағы Франция елшілігі мәдениет және ынтымақтастық бөлімінің көмекшісі Ж. Естаулетова, Сүлейман Демирел атындағы университ деканы Д. Гаипов, Гете Институты тіл бөлімінің жетекшісі Constanze Krüger, Француз тілі пәні мұғалімдері Ассоциациясының президенті, Француз Альянсының тренері А, Жанайдарова, Швейцар-Америка Академиясының Genius (Гениус) директоры Г. Махвиладзе, «Learning A-Z» кампаниясының директоры Yusuf Erol, №15 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі, Британдық Кеңестің штаттан тыс тренері А. Бондарева баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар 4 секциялық жұмысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ИТжҒЖ(Г)ПО кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Арзиева А. Т., Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Мурадова И. В., ИТжҒЖ(Г)ПО кафедрасының аға оқытушысы, Британдық Кеңестің штаттан тыс тренері Петрова Л.Б., №15 гимназия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Британдық Кеңестің штаттан тыс тренері Бондарева А.А. модератор болды.

Халықаралық конференция жұмысының қорытындысы бойынша жаңаша ұсынымдар әзірленіп, көптілді білім беру – біліктілікті арттыру жүйесіндегі күндізгі-қашықтықтан форматты оқытуды іске асыру бойынша міндеттер белгіленді. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

П. Асылбек, Ш. Битен,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.