Home » Жаңалықтар » Ұлт батыры атындағы байқау

Ұлт батыры атындағы байқау

Қазалы ауданындағы №204 мектепте ұлт батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына орай мылтық ату, тоғызқұмалақ және «Ерлік – ел мұраты» тақырыбында эссе байқаулары өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова тарихи тұлғаларды ұлықтау ұрпақ парызы екендігін айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыдан кейін Текей батырдың ерлік істерінен үзінді көрсетіліп, жорықтарына шолу жасалды. Атақты Әз Тәукенің бас батыры болған Текей есімі ұлт тарихында ту көтерген Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Тайлақ, Тілеу батырлармен қатар аталады.

Шарада батыр тұлғасы бейнеленген суреттер мен қазақ батырлары ұстаған қару-жарақтар көрмесі ұйымдастырылды.

 

М. Ақынұлы

Қызылорда облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.