Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы білім беру мектебінде 2018 жылдың 12 қарашасында математика пәнінің мұғалімдері Бегенова Зағипа Болатқызы, Ақылбекова Гүлнұр Серікқалиқызы, Турманова Рыскуль Темірқызының ұйымдастыруымен, «Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті» атты коучинг өткізілді. Негізгі мақсаты: Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру болды. Коучингтен күтелетін нәтиже бойынша мұғалімдер топпен жұмыс істей отырып, идея бөліседі, ойларын жинақтайды, қорытындылайды, ...
Толығырақ »Жаңалықтар
ЖАСАМПАЗ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі тірегі, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Қазіргі уақытта жастарды түрлі салада дамып келе жатқан жаңа бағыттың қозғаушы күші деп айтуға болады. Биылғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдаған жолдауында жастар мәселесіне баса көңіл бөлгенін жақсы білеміз. «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз ...
Толығырақ »Білім және ғылымдағы инновациялар
2018 жылдың 22-23 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Басқару және білім сапасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім және ғылымдағы инновациялар» атты ІІ xалықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция жұмысына Жапония мемлекетінен Ямагути университетінің профессоры, PhD, Масаюки Хюдо мырза, Чех Республикасынан Палацкий университетінің профессоры, доктор, мистер Дэвид Ливингстон (онлайн-трансляция арқылы), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ...
Толығырақ »Елдің тарихы — ұлттың мақтанышы!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақстандықтарға Еуропа мен Азия халықтарының қалыптасу тарихындағы рөлі туралы, халықтар арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтумен айналысатын ежелгі мемлекеттердің өзара байланысы туралы айтып берді. Тарих — бұл үй-мемлекеттілікті құру мүмкін емес негіз. Бұл мақаланы оқыған әрбір адам көшпелілердің мәдениетін, көшпенді эстетикасын, Азия импрессионизмін, далалық кеңістікті жылдамдықты турандық буцефалдармен шарлаған ата-бабаларымыздың ...
Толығырақ »Білім көкжиегінен алған асыл қазынам
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абай атамыздың осынау бір ауыз сөзі ұшы-қиыры жоқ білім әлеміне жетелейді. Дана халқымызда «оқу инемен құдық қазғандай» деген ақиқаты мен астары ұштасып жатқан өнегелі асыл сөзі дәл осы орайда менің ойыма түрткі болып отыр. Мен де осы білім жолында шәкіріттерді 21-ғасырдың жаңашыл, білімді, үнемі ізденісте жүретін алға қойған мақсатына айқын жол сала алатын, ...
Толығырақ »«Өзін-өзін тану» пәні курсынан алған әсерім
Қазан айының 01 мен 13-ші күндері аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институында Нұрова Рысгүл Жұмажанқызының жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» пәнінен оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы (72сағат) курстан өттім. Курстан алған әсерім ерекше. Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастаймыз. Тыныштық сәтімен нұрға бөленеміз. Нұрға бөленгенде ерекше көңіл — күйде боламыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің курсы ...
Толығырақ »Олжалы оралды
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында өткізілген балалар шығармашылығына арналған дәстүрлі Х «Бал бала -2018» облыстық телевизиялық байқауынан Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен № 3 «Ертөстік» бөбекжайы — бақша балғындары «Өнерлі өлкенің өрендері» аталымын иеленіп, олжалы оралды. Байқауға Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жалағаш, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарынан 21 балабақша қатысты.Ауданннан барған өнерпаз балғындар сахна төрінде көпшілікке таланты мен дарынын паш етті.Шараның ...
Толығырақ »Қазақстандық чаттарда Кеңес өкіметі білім жүйесінің батыстық жүйеден артықшылығы туралы жалған ақпарат таратылуда
Қазір әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде (Whats App және т.б.) «Ұлыбритания мектептері кеңестік білім жүйесіне көшуін аяқтады» деген тақырыпта жалған ақпарат таратылып жүр (сілтеме https://thequestion.ru/questions/410215/chto-za-ia-panorama-u-kotorogo-vedushie-smi-berut-feiki-i-vyvodyat-ikh-v-top-yandeksa). Мақалада Кеңес өкіметі білім беру жүйесінің батыстық жүйеден артықшылығы жайлы айтылған. Ақпаратты фактчекинг арқылы тексеру барысында материал Ресейдің «Сатирикалық «Панорама» басылымының» кезекті фейкі екендігі анықталды. Американдық сайттарда да мұндай ақпарат таратылмаған. «Сатирикалық «Панорама» басылымы» — юморлық ...
Толығырақ »Асылы Османмен өткен сыр-сұхбат
Алматы қаласы білім басқармасы, Жетісу аудандық Білім бөлімінің қолдауымен және Жетісу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Дәстүр» жобасын жүзеге асыруда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№102 ЖББМ» КММ-де тіл жанашыры Асылы Әлиқызы Османмен кездесу өтті. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан аясында өткен «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» сыр-сұхбат 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Мақсаты: Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ...
Толығырақ »Мектеп логопедтері мен дефектологтары кәсіби шыңдалуда
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзете-дамыту және алдын алу жұмыстарының мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен сөйлеу тілінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған ...
Толығырақ »