Home » Жаңалықтар (page 210)

Жаңалықтар

Үштілді меңгертуге арналған  семинар-тренинг

2018 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында  Атырау облысының STEM мұғалімдеріне  арналған  оқу бағдарламаларын жаңарту және үш тілде оқытуды енгізу мәнмәтінінде педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында Британ Кеңесінің ұйымдастыруымен “English for Success” атты семинар-тренингінің ІІ кезеңі ұйымдастырылды. Семинар жұмысына «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша  ПҚБАИ  «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Н.Ғ.Аязбаева және «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы И.Т.Юсупова ...

Толығырақ »

Үздік әскери қызметкерлер анықталды

Биылғы жыл  Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының арнайы бұйрығы негізінде ағымдағы жылды «2018 –әскерилердің кәсіби біліктілік жылы» деп жариялануымен ұштастырып, 6697 әскери бөлімі «Үздік рота командирінің Тәрбие жөніндегі әлеументтік-құқықтық жұмыстар  жөніндегі орынбасары» және «Үздік взвод командирі» бойынша конкурс өткізді. Шара барысында жауынгерлеріміз жан-жақты сыннан сүрінбей өтті. Ең басты талап әскери шеберліктерінің мықты екенін көрсетті. Спорт денсаулық кепілі дегендей өздерінің 100 м ...

Толығырақ »

ЕҚЫҰ: көптілде білім берудің тиімділігі  

2018 жылдың 24-26 қыркүйегі аралығында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/ОБСЕ) бірлесе ұйымдастыруымен «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Ана тілі негізіндегі көптілді білім беру: жоспарлау, оқыту әдістемесі және бағалау мәселелері» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов  аудандарындағы ұйғыр тілінде білім беретін мектептердің басшылары мен мұғалімдері, ...

Толығырақ »

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту қолға алынады

Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Өзгерістерді өзіңнен баста!» тақырыбында кездесулер өткізілуде. Кездесулер барысында Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру ...

Толығырақ »

Мектеп директорлығына үміткерлерді жан-жақты тексеру ескертілді

Қызылордада қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстағы жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақшалардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның арқауы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген конференция барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін ...

Толығырақ »

Қазақ тілін ұлттық үрдісте оқыту

2018 жылдың 21 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  сапасын арттырудағы инновациялық технологиялар: жаңа үрдіс және ұлттық сипат» атты тақырыпта облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялардың тиімділігі, жаңа үрдіс пен ұлттық сипаттың ұштасуы, оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудағы тілдің ...

Толығырақ »

«Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясы

5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек 22.09.2018 ж. Алматы қаласы Жетісу білім бөлімі және Отбасылық тәрбиелеу институты жоспарына сай  «102 ЖББМ» КММ-де  5-7сынып ата-аналарына психологиялық- педагогикалық  көмек беру мақсатында конференция ұйымдастырылды. Конференцияны мектеп директоры Кержикеева Д.Р. ашып берді. ББЖ КБАРИ Білікті маманы Ыбышева А.С. конференция қонағы болды. Мектеп психологы Базарғалиева Н.Ә. және ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.  көнференция  жүргізді. Адам баласы-өмір бойы ...

Толығырақ »

Жолаушылар мен жолсеріктерге сыбайлас жемқорлықтың зияны түсіндірілді  

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Өзен — Болашақ» бағытындағы жолаушылар пойызында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет саласы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі және сыбайлас жемқорлықтың зияны түсіндірілді. Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова Қарақия ауданына қарасты Болашақ ауылында болып, жолаушылар мен жолсеріктерге арнайы дайындалған брошюралар таратып, сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын-алу бағытында атқарылып ...

Толығырақ »

Маңғыстауда «Protecting business and investments» жобасына қызығушылық артып келеді

Маңғыстауда отандық және шетелдік инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша «Protecting business and investments» жобасы аясында тағы 5 кәсіпкер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен екі жақты келісімге қол қойды. Бұған дейін 380,4 млрд теңгені құрайтын 11 жоба, енді 29,91 млрд теңгені құрайтын 5 жоба, нәтижесінде  соңғы 1,5 айда 16 инвестордың жалпы сомасы 410,31 ...

Толығырақ »

Ақтаудағы зияткерлер Каспий итбалықтарын қорғау акциясына қатысты

Қыркүйектің 20-сы күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары «EXPO&WOMEN» және «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Ассосоциасының» бастамасымен Ақтау қаласының 55-жылдығына орай ұйымдастырылған Каспий итбалықтарын қорғау және сақтауға арналған экологиялық қайырымдылық қолдау акциясына қатысып, теңіз жағалауындағы амфитеатрда концерт қойды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан теңіз жағалауындағы амфитеатрдағы шара кешкі уақытта басталып, облыс тұрғындарын Каспий итбалықтарын қорғау акциясының мақсаты таныстырылды. ...

Толығырақ »