Home » Жаңалықтар » БОЛАШАҚ ҰСТАЗДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТІ

БОЛАШАҚ ҰСТАЗДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТІ

Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы білім беру мектебінде 2018 жылдың 12 қарашасында математика пәнінің мұғалімдері Бегенова Зағипа  Болатқызы, Ақылбекова Гүлнұр Серікқалиқызы, Турманова Рыскуль  Темірқызының ұйымдастыруымен, «Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті»  атты коучинг өткізілді.

Негізгі мақсаты: Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру болды.

Коучингтен күтелетін нәтиже бойынша мұғалімдер топпен жұмыс істей отырып, идея бөліседі, ойларын жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды. Сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің танымдық белсенділігі артады. Оқытушылармен психологиялық ахуал орнатылды. Коучинг мұғалімдерді үш топқа бөлу арқылы басталып, «Болашақ ұстаздың бейнесін» слайд  арқылы  көрсетумен  жалғасты.

Ой  жүгірту  кезеңінде арнайы  дайындалған  слайдты  ресурс ретінде қолдана отырып, «Peach презентация» туралы  мәлімет беріліп, таныстырылым жасалды. Тақырыпты түсінгендерін анықтау мақсатында практикалық жұмыс берілді. Бірінші  тапсырма:  «Табысқа  жетейік»  деп  аталады. Табысқа жету формауласын  мұғалімдік  қасиетке  арнап  талдау  ұсынылады. Топтық  жұмыс жасалып, негізгі сәттер постер бетіне түсіріледі.

Екінші  тапсырма жеке  жұмыс істеуге арналған. Мұғалімдер: «Менің бойымда қандай жетістікке жетелейтін қасиеттер бар?» деген сұраққа жауап  іздейді. Өз бойындағы жетістікке жетудегі басым қасиетін Peach презентациямен айтып береді.

Коучингті қорытындылай келе: «Қатысқан мұғалімдер нені үйренді? Неге қол жеткізді? Көріп-білгендерін өздерін  жетілдіруге ықпалын тигізе ме?» деген сауалдар қойылып, рефлексия жасау ұсынылды. Кері байланыс ретінде адамның қол суреті бейнеленген А4 параққа, әр саусақтың астына сұрақтарға жауап жазады.

  1. Бүгінгі коучинг сіздерге ұнады ма?
  2. Бүгінгі коучингта не білдіңіздер?
  3. Қалай жұмыс жасадыңыздар?
  4. Бүгінгі коучинг көмек көрсетті ме?
  5. Бүгінгі коучинг соңында қандай сезімде болдыңыздар?

Жалпы  коучингтен  мұғалімдер  ризашылық  пен  қуанышты  көңіл-күйде тарқасты.

 

 

БЕГЕНОВА Загипа Болатовна,
Екібастұз қаласы
Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ-нің
математика пәні мұғалімі.
Павлодар облысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.