Home » Білім және тұлға (page 27)

Білім және тұлға

Ендігі арманым – театр ашу

    Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасының бүгінгі кейіпкері – Алматы қаласы, Бостандық ауданы №146 мектеп – лицейінің тарих пәні мұғалімі, озық тәжірибелі ұстаз, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтының академигі – Қамысбаева Қатира Балабекқызы. Қатира Балабекқызы оқушының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, сонымен қатар жүйелі жұмыс атқару арқылы әрбір сабақты ...

Толығырақ »

Ешкімнен ештеңе күтпеймін….

Үкілеген үміт. Уақытпен жарысқан жан. Алыстан көзіме ақшыл пиджактағы орта жасқа таяу апай түсті. Топырлаған аяқ дыбыстарының арасынан тақ-тақ етіп шыққан туфлидің дауысына елең ете қалдым. «Бұл мектеп қой, мұғалім болар» деп әдеттегідей амандастым да, директордың кабинетіне кірдім. Менің артымнан лезде еріп кірген кісі жаңағы мен көрген апай. Танысымдай аң-таң болғанымды көрген директор бізді жақын таныстырды. Міне, сол ғажап жан ...

Толығырақ »

Ойы мен ісі үйлескен тұлға

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша      Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызы – Астана қаласындағы №46 «Самал» санаториялық балабақшасының меңгерушісі. Ол 1977 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келді. Мектепті тәмамдаған соң, 1994-1997 жж. М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын;      1997-2001жж. Шакәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің «ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітіріп, 2001-2003 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс ...

Толығырақ »

Білім алу жас талғамайды

«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша Дүйсенбі. Мектеп ішінде тынымсыз тіршілік. Директор ұсынған ұстаздан сұқбат алатын күн. Шынымды айтсам ширақ деп мақтаған ұстазды көруге асықтым. Көп кешікпей-ақ келген ұстаз жақынырақ танысу үшін жайлы жерге шақырды. Жүзінен жылылық байқаған соң, сұрақтарымды бірден қоя бердім. Әңгіме кезінде ұстаздың тұлғалық образы ерекше екенін байқадым. Оқып отырып өзіңіз де аңғарасыз. Ал, кеттік. Бүгінгі «Жаныңда ...

Толығырақ »

Ұстаз – ел үшін екінші АНА

«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» — деп дана қазақ бекер айтпаған. Бұған бүгін тағы көзім жетті. Мектеп табалдырығын аттаған соң, күнде қоңыраудың сыңғырын естиміз. Он бір жыл білім алу ұзақ боп көрінгенімен, көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Қазір «Қап!» деп күрсініп жүрген күнімізді кейін «Қайран кездер-ай!» деп еске алатынымыз айдан анық. Оқушы кезімізде өмірімізде үлкен рөл атқаратын киелі ...

Толығырақ »

Ардақты ұстаз

Бүгінгі мақаланың кейіпкері 30 жылдан аса саналы өмірін ұстаздық жолға арнап, білім саласында елеулі қызмет еткен ұстаздардың бірі — Рая Ералықызы туралы болмақ. Жалпы, ұстаздық мамандыққа келетін болсақ, бұл үлкен бір тәрбие жолы. Өз кәсібіне шын берілген ұстаздар әрдайым шығармашылық пен ізденісте болады. Сондықтан да ұстаздықты үлкен тағылымы терең өнерге балап жататыны да сондықтан болар? Мұғалім болу – әркімнің қолынан ...

Толығырақ »

Бірінші мақсатымыз — денсаулық пен білім

Жақсының жақсылығын айт жобасы бойынша Тоты Сланбекқызы Тілегенова Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл аулында дүниеге келді. Мемлекеттік қызметкерлер отбасынан шыққан қарапайым кейіпкеріміз Ақкөл орта мектебін 1993 жылы бітіріп, анасына ұқсап педагог болуды мақсат тұтқан екен. Әкесі Талас ауданының құрылыс саласын ұзақ жылдар басқарып, зейнетке шығып, «Талас ауданының құрметті азаматы» атанды. Анасы ауыл мектебінде 40 жылдан астам физика пәнінен сабақ беріп, ...

Толығырақ »

Ер елі үшін туады

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Садуақасов Ғомар Садуақасұлы 1919 жылғы қазан айының 27-сі күні қазіргі Қызылжар ауылында дүниеге келген. Отбасының жалғыз тірегі болған әкесі қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болады. Өзі 1931-1933 жылдардағы аштықтың ауыр азабын бастан кешіреді. Со жылдардағы ауыл балалары секілді ол да мезгілі жетпей есейіп, қаршадайынан еңбекке араласады. 1934-1935 жылдары жоқшылық ауылдағы күнкөрісті тұралатып жібереді. Жасөспірім Ғомар да қатарластарымен ...

Толығырақ »

Ұстаздық мерей – ұлы қасиет

ЖЖА бойынша Ізбасар Қаймолдаұлы «ҚазақКСРО халық ағарту үздігі» белгісімен, «Еңбек даңқы үшін» медалімен (1986ж), «Еңбек ардагері» медалімен (1987ж), «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен (2001ж) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ақсу қаласының құрметті азаматы», «Евгеньевка ауылы», «Ақсу қаласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілері, «Ақсу қаласының 50 жылдығы», «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтой медальдерінің де ...

Толығырақ »

Ұлағатты ұстаз

Балнұр Манапқызы Әндіржанованың Павлодар қаласындағы №15 орта мектебіне директор болып келгеніне де біраз жыл болды. Білім беру саласына еселі еңбегі сіңген, шәкірттері мен ұжымының құрметіне бөленген қадірлі ұстаз, білікті басшы. Біз ол кісіні тек жақсы қырынан ғана танып келеміз. Білім – жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибе арқылы сараланып, толысып отыратын үздіксіз процесс. Ұстаз сол үрдіс негізінде қарлығаштың қос қанатындай білмегенін ...

Толығырақ »