Home » Бастауыш (page 24)

Бастауыш

Біздің Елбасымыз

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы және аға тәлімгер А.К. Жусупбаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Біздің Елбасымыз» зияткерлік ойын-сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптан алты-алты баладан бес топ қатысты. Сайыс келесі кезеңдерден тұрды: 1. Таныстыру, 2. Алғыр алтау/Сұрақ – жауап/ 3. Полиглот (үш тілде жауап беру), 4. Мақал — ...

Толығырақ »

Менің елбасым

Елімізде жыл сайын 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі. Осыған орай, Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «в» сыныбында «Менің Елбасым» атты іс-шара өтті. Ертеңгілік 4 «в» сыныбының сынып жетекшісі Әйгерім Бурумбаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Теңдік Ахатованың ұйымдастыруымен өтті. Сынып тақтасына мемлекеттік рәміздер, Елбасының халыққа жолдаған сөздері, суреті ілініп, ұлттық қолөнер ...

Толығырақ »

Туған жер — тұғырым

«Туған ел» ұғымы – адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының да  мәні мен мазмұны осында болса ...

Толығырақ »

Абайла, балақай!

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі күннен-күнге арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін ...

Толығырақ »

2 «В» сыныбындағы ашық дайындық сағаты

Пән: математика, қазақ тілі Мақсаты: сабақта өтілген тақырыптарды қайталау және бекіту; есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау , талдау қабілеттерін дамыту. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: слайд, сандар, сөйлем сұлбасы, Сөздік жұмысы. Сөйлем, сұлба, нәзік. Барысы: — Балалар, бүгін бізге дайындық сағатымызға көп қонақтар келіп отыр. Қане, бәріміз қонақтарымызға ...

Толығырақ »

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Пәні: Әдебиеттік оқу Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту. Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: сұрақ — жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау. Пән аралық байланыс: ...

Толығырақ »

Жаңаша оқыту – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады» -деген болатын. Ал қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да замана көшінен қалмай, жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, ...

Толығырақ »

Абай Құнанбаев. «Ғылым таппай мақтанба»

Пәннің аты: Әдебиеттік оқу Сабақтың мақсаты: 1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу. 2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара — жігін ажырату, Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту. 3. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.

Толығырақ »

Бастауыштағы жаңартылған білім беру бағдарламасы

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Расында да осы уақытқа дейін ...

Толығырақ »