Home » Бастауыш » Абайла, балақай!

Абайла, балақай!

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі күннен-күнге арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.                                                                                                                                                                                                                      Міне, осы мақсатта Тараз қаласының Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің 1 «А» сыныбында «Абайлаңдар, балалар!» атты іс-шара өтті. Аталмыш шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Балаларға жол қиылыстарында ережені сақтамаудың салдары апатты жағдайларға әкелетіні түсіндірілді. Балалар жүргізушілерге жол қозғалысының суреттерін көрсетіп, өлең шумақтарын айтты.

                                                Абдибекова Алия,

Ө. Жолдасбеков атындағы

№50 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тараз қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.